Допинг, Алтын доп, Онлайн еңбек тіркеу. 31 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 октября, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Лионель Месси сегізінші рет “Алтын доп” иесі атанды.

“Интер Майами” клубының шабуылшысы аргентиналық Лионель Месси France Football журналының нұсқасы бойынша тағы да үздік футболшы атанды. Ол бұл сыйлықты сегізәнші рет жеңіп алды.

Париждегі Chatelet театрында “Алтын допты” табыстау рәсімі өтті.

Футболшы аталмыш жүлдесін жақындарына, сондай-ақ 3 жыл бұрын өмірден өткен аты аңызға айналған отандасы Диего Марадонаға арнады.

Шетелдік БАҚ Бұл марапатқа үш үміткерді анықтаған еді. Олар Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина), Эрлинг Хоаланд («Манчестер Сити», Норвегия) және Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция).

“Алтын допты” бес рет жеңіп алған португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду бұл жолы Мессимен бәсекеге түсе алмады. Тіпті үміткерлер тізіміне де кірмеді.

Месси ең көп жүлде алған футболшы ретінде рекорд орнатты.

Месси жанкүйерлерін құттықтаймыз!👏🏻🔥

2️⃣ Қазақстанда енді еңбек шартын онлайн режимде рәсімдеуге болады.

HR.Enbek.kz еңбек ресурстары порталында электронды еңбек шарттарын жасайтын функционал іске қосылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Портал 2023 жылғы қазанда қосылды. Қызметкерлер құжатқа портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.

«Бұрын еңбек шарттары қағазда жасалып, олар туралы ақпаратты кадр қызметтері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілерге қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана отырып, порталда, оның ішінде «Еңбек шарттары» бөлімінде құжаттың жобасын жасауға болады. Сондай-ақ шарттың жеке файлын жүктеп, жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жібере алады», — деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді. Қосымшаны AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.

«Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда, оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильді қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электронды еңбек шарты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады.

Яғни, электронды еңбек шартын жасау үшін QR қолтаңба арқылы қол қоюға болады. 👍

3️⃣ Допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық атлет Нора Джеруто ақталып шықты.

Қазақстанның жеңіл атлетикадан алғашқы әлем чемпионы Нору Джерутоның допинг қолданбағаны дәлелденді.

Спортшыға 2023 жылдың сәуірінде допинг қолданды деп айып тағылып, барлық жарыстардан шеттетілген еді.

Джеруто – жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстанның алғашқы әлем чемпионы. Осылайша 2022 жылы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ол жеке нәтиже бойынша 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден дүниежүзінде үздік үштікте.

Құтты болсын!🔥