Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
1️⃣ «Азия балалары» ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.
Бүгін Якутск қаласында VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Самбодан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, команданы үздіктер қатарына шығарды.
Алтын медаль иегері:
Әбіш Пердалы (46 кг)
Қола жүлдегерлер:
Оңталап Сағындық (53 кг)
Балнұр Дастанқызы (59 кг)
Айнұр Мукарам (41 кг)
Рәсім Базарбай (64 кг)
Ертең самбошылар қалған 6 салмақта кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ бүгін үстел теннисі мен шахматтан жарыс басталды.
Кешке Астана уақытымен сағат 16:00-де Якутск қаласындағы «Туймаада» стадионында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының ресми ашылуы өтеді. Алдағы күндері ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам спортшы қорғайды.
Құтты болсын!👍👏🏻
2️⃣ Астанада қала күніне орай дрондар шоуы өтеді.
6 шілде – Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады.
Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған, оның ішінде қаланың тұрғын алаптары да назардан тыс қалған жоқ. Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.
26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық ұшулар орындалады. Оны елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілде күні ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады.
Тамаша! Жаңа леп😍
3️⃣ 2024-2025 оқу жылында сұранысқа ие мамандықтар аталды.
Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді. Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдап жатыр. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:
I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.
Ал сіз қай саланы таңдап жатсыз?🤔