Құдық, Сиыр, Жәнібек Әлімханұлы. 9 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Мамыр, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Атыраудың жігіттері Африканың ауылына құдық сыйлады.

Бұл туралы azh.kz мәлімдеді.

Бұған дейін мақаттықтар Камерундағы жетім балаларға ауызашар жасап берген. Бірақ осы іспен шектелген жоқ. Рамазан айы аяқталмай жатып, арнайы есепшот ашты. Соған Африканы қолдауға ақша жинай бастаған. Есепшотқа 500 мың теңге түсті. Бұл ақша Африкадағы қуаң жерлердің бірінде құдық қазып беруге жетті.

Құрылыс жұмыстары 4 сәуірде басталған болатын. Ал 4 мамырда құдықты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.

Керемет бастама!👏🏻🔥

2️⃣ Қазақстандық сиыр әлемге әйгілі Vogue сән журналының бетіне шықты.

Tengrinews.kz мәліметінше, Қарағанды облысындағы Зойка атты сиыр жергілікті фотографтың арқасында әлемге әйгілі Vogue сән журналының бетіне шыққан.

Сән әлеміндегі ең көне басылым аптасына бір рет кез келген фотографтан екі фотосуретті қабылдайды.

«Олар жай ғана әдемі, жылтыр суретті қабылдамайды. Меніңше, оларға фотоның атмосферасы ұнады. Оны «Қыс» деп атадым. Себі сурет қыс мезгілін дәл жеткізеді», – дейді суреттің авторы, фотосурет мамандығы бойынша дипломы бар журналист Карина Кирина.

Сиырдың иесі бұл хабарлы естігенде таң қалғанын айтады.

Суретін көрдің бе?😍

3️⃣ Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі 14 мамыр тікелей эфирден көрсетіледі.

Жексенбі, 14 мамырда таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.

Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде Хабар телеарнасынан көре алады.
Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Спортшымызға жеңіс тілейміз!✊🏻