Дзюдо, Головкин, Америкалық ғалымдар. 7-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан 4-орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасының еншісінде 8 медаль (1 алтын, 2 күміс, 5 қола) бар.

Жалпы командалық есепте 12 (9-3-0) медаль алған Жапония бірінші орынды иеленсе, Моңғолия 7 (2-0-5) медальмен екінші орынға тұрақтады. Ал 9 (1-2-6) медальға ие болған Өзбекстан үшінші орынды қанағат етті.

Құттықтаймыз!👍👍👍

2️⃣ Мурата Головкин сыйлаған шапанды не істегенін айтты

Муратаның қазақтың ұлттық киімін үйінде «отбасылық жәдігер, бокстағы ерекше естелік» ретінде сақтап жүргені белгілі болды.

Еске салайық, Головкин сәуірде Сайтамада өткен жекпе-жекте Муратамен қолғап түйістірген болатын.

Керемет! Қазақтың шапанына деген құрметті қарашы!😍😍😍

3️⃣ Америкалық ғалымдар өлген шошқаны бір сағаттан кейін тірілтіп алды

Йель университетінің ғалымдары жаңа технологияның көмегімен өлген шошқаның қан айналымы мен ішкі ағзаларының жұмысын қалпына келтірді.

Дәрігердің айтуынша, зерттеу нәтижелері көз жұмған адамдардың трансплантацияға керек донорлық мүшелерін сақтауға көмектеседі.

Ғылым! Жаңалық деп осыны айт!👏👏👏