Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌
1️⃣ «Болашақ» түлектері отандық иіссу ойлап тапты
Ол туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.
«Алматыдағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Ол — иіссу (духи), отандық өнім. Парфюмды жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов — синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды», — деді Саясат Нұрбек.
Тамаша!🔥
2️⃣ Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңінің жетінші ойынында Ұлыбритания командасынан 22:13 есебімен басым түсті.
Енді ертең отандастарымыз латвиялықтармен ойнайды. Финалға шығу үшін тағы бір кездесуде Австрия мен Дания күш сынасады.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!✊✊✊
3️⃣ Енді еңбекке жарамсыздық парағы электронды түрде беріледі
Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс берушінің еңбекке жарамсыздық парағының артына қағаз жүзінде қол қою қажеттілігін де толығымен алып тастады.
2024 жылдан бастап Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде беріледі.
Еңбекке жарамсыздық парағы бар бөлімді eGov.kz порталы мен мобильді қосымшасында қолжетімді eDensaulyq сервисінде көруге болады.
Біраз іс жеңілдейтін болды, иә👍