Едіге Емберді, Қасым-Жомарт Тоқаев, Шәмші Қалдаяқов. 15-ші топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп, әлемдік рекорд орнатты.

Мексикадағы турнирде спортшымыз 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша келімен алдына жан салмады.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қайды.

«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа (марқұм) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», – делінген жарлықта.

3️⃣ Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану» туралы жарлыққа қол қойды.

Өз жарлығымен ол ұлттық құрылтай туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық құрылтайдың құрамы:

Төраға – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;

Төрағаның орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин;

Төрағаның орынбасары – «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай;

Хатшы – президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.