Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻
1️⃣ Қытайдың Чэнду қаласында өткен марафонда қандасымыз Еділ Нұрболатұлы бас жүлдені жеңіп алды.
Аталған жарысқа 10 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл туралы Қытайдың CNR ақпарат порталы хабарлады.
Марафонда Шыңжаңның Алтай аймағынан келген Еділ Нұрболатұлы 1 сағат 8 минут 43 секунд нәтижемен биылғы Чэнду жартылай марафон жарысында ерлер тобында бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл — оның алғаш рет мемлекеттік деңгейдегі марафон жарысына қатысуы.
Қандасымыз спорт тарихындағы ең жоғары нәтижесін көрсетті👍🔥
2️⃣ Жаңа жылда қазақстандықтар 4 күн демалады.
Жаңа 2023 жыл 31 желтоқсанда сенбіден жексенбіге қараған түні кіреді. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл күні демалады.
Жаңа жыл басталғаннан кейін ел азаматтары үш күн – 1, 2 және 3 қаңтарда демалады.
7 қаңтарда Қазақстанда
православиелік мереке – Рождество тойланады. Ол сенбіге түседі. Дегенмен Рождествоға мемлекеттік мереке мәртебесі берілмеген, сондықтан ол әдеттегі демалыс күніне сәйкес келсе, заң бойынша демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.
Жаңа жылға қандай жоспарың бар?😉
3️⃣ Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқулықтардың бәрі цифрлы форматқа көшірілетінін айтты.
Бұл туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы тармақтарға тоқталған оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар цифрлы сабақтар, жаттығулар мен тапсырмаларға қосымша қол жеткізіп, мектепте дәстүрлі баспа оқулықтарын пайдалануға мүмкіндік алады. Оқулықтар үйреншікті дәстүрлі қағаз және цифрлы форматта қолжетімді болады, — деп жазған ведомство басшысы.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқытуға қолайлы жағдайлары бар 1,5 млн оқушы орны беріледі.
Жаңа жайлы мектептер мен қазіргі салынып жатқан мектептердің тұжырымдамалық айырмашылықтары – құрылыстың бірыңғай стандартының сақталуы, заманауи пән кабинеттерімен және зертханалармен толық жабдықталуы, 1-4-сынып оқушылары мен 5-11-сынып оқушылары үшін бөлек блоктардың болуы, құрылыс және әрлеу материалдарының сапасы жоғары болуында және т.б. Оқушылардың санын ескере отырып, көбірек спорт залдары ашылады. Қыздар мен ұлдарды еңбекке тәрбиелеу үшін әр мектепте арнайы шеберханалар қарастырылады
, — дейді Асхат Аймағамбетов.
Бұл ойды қолдайсың ба?🤔