Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қазақстанда электромобильдерді автотұрақтарда қуаттауға тыйым салынды.
Бүгінде елімізде 6.5 мыңнан астам электромобиль тіркелген. Ал қазақстандықтар автотұрақтарда, тұрғын және қоғамдық ғимараттар маңындағы тұрақтарға қуаттау бекетін белсенді түрде орнатып жатыр. Бірақ электрлі қуаттағыштардың құрылыс нормативтері Қазақстанның ешбір стандартында көрсетілмеген.
“Электромобиль өртенгенде оны сөндіру бойынша шетелдік тәжірибеге жүгінсек литий-ионды аккумуляторлардың қысқа тұйықталуы, істен шығуы және өздігінен тұтанып, жарылуы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған байланысты ТЖМ электромобиль мен оны қуаттау бекеттерін орнатудағы халықаралық тәжірибені зерделей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлерге қуаттау бекеттерінің орналасуына, онда тұратын көлік пен қуаттағыш санына; минимал арақашықтығына және т.б. қойылатын талаптарға өзгерiстер енгiзу қажет деп санайды”, — министрлік өкілдері.
Құрылыс заңнамасына өзгерістер енгізгеннен кейін өрт қауіпсіздігі ережелері де түзеледі.
Бұл жаңа ережеге байланысты Алматыдағы ең ірі “Шахристан” тұрғын үй кешенінің бірінде тұратын, 15 жылдық тәжірибесі бар автокөлік әуесқойы Маржан Сабирова uide.zhatpa ұжымына өз пікірін білдірді.
“Отбасымыз электромобиль сатып алуды көптен бері ойлап жүрген еді.
Бірақ сатып алмас бұрын қуаттағышты тұраққа орналастыру мәселесі бойынша осы жазда KSK-ге хабарластық. Алайда олар тыйым салынғандықтан, орнатудан бас тартты. Электр көліктері бар көршілерімізбен байланысқа шыққанда, олардың барлығы көліктерін сауда орталықтарында немесе басқа қоғамдық орындарда қуаттайтынын жеткізді. Біздің кешенде 1000-нан астам жерасты автотұрақтары бар. Олардың 90%-дан астамы — кәдімгі бензин көліктері. Әрине, барлық адамды тұрақтағы өрт жағдайы алаңдатады. Алайда жақын арада аталмыш мәселе өз шешімін табатынына сенеміз. Бұл арқылы біз Алматыдағы күрделі экологиялық жағдайға үлес қоса аламыз” — дейді, Маржан ханым.
Бұл ережеге көзқарасыңыз қандай?🤔
2️⃣ Жаңа «9-20-25» ипотекасы бойынша 8 мың отбасы баспаналы бола алады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов «9-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін 150 миллиард теңге қажет екенін жеткізді.
Бұл бағдарлама бойынша 9 пайыз жылдық үстемақы, 20 пайыз бастапқы жарна және 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады.
Министрдің мәлімдеуінше, аталмыш бағдарлама бойынша 8 мың отбасы немесе адам ипотека алады. Ал бағдарламаны іске қосу үшін министрлік 100 миллиард теңгені, нарықтан қалған 50 миллиард теңгені Отбасы банкі таза табысынан бөлуі керек. Осылайша, екі қаржы көзін қосып, 9 пайыздық ставкаға шығуы қажет.
Әр отбасыға баспана бұйырсын! 🤲🏻
3️⃣ Елімізге 500 мың доза қызылшаға қарсы вакцина жеткізілді.
Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина партиясы келді.
Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылданғанын естеріңізге сала кетейік. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды.
Қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін ҚҚП-ға қарсы вакцинаның 1,5 млн.астам дозасы сатып алынды.
Келген вакциналар ел өңірлеріне жіберілетін болады.
«Вакцинациялау үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады», — делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі ел халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.
Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундауға жатады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарлануда.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес біздің елде жоспарлы түрде екі рет егілетінін: бала алғашқы егуді 12-15 айлығында, екіншісін — 6 жасында алатынын естеріңізге сала кетейік.
Министрлік 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.
Ал сіз вакцина қабылдадыңыз ба?😯