Электросамокат, Болашақ стипендиясы, Паспорт. 11 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

1. 27 қаңтарға дейін жалғасады;
2. 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
3. 5 маусым мен 7 шілде аралығында;
4. Төр17 шілде мен 15 қыркүйек аралығы.

Конкурстық іріктеу 2023 жылдың 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-дар тізімінде әлемнің 27 елінен 236 университеті бар. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.
«Инженерлік-техникалық мамандар» жеңілдік санаты бекітілді.

Медициналық қызметкерлер де жеңілдік санатында. Квоталық санаттардың тегін тіл үйрену мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ олар құжат тапсырған кезде шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз күшімен түсуге міндетті емес. Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын оқу орындары тізімінен таңдай алады.

Жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады. Олар жеңілдігі бар кандидаттар қатарына жатпайды.

Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.📌

2️⃣ Қазақстандықтар енді паспорт алу үшін 27 600 теңге төлейді.

1 қаңтардан айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге дейін өсті. Сәйкесінше құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де көтерілді.

Атап айтсақ, қазақстандықтар енді паспорт алу үшін 27 600 теңге (8 АЕК), жеке куәлік – 690 теңге (0,2 АЕК), неке қию туралы куәлік – 3 450 теңге (1 АЕК) және қайта алу – 1 725 теңге (0,5 АЕК), жүргізуші куәлігі – 4 313 теңге (1,25 АЕК) және ажырасу туралы өтініш беру үшін – 6 900 теңге (2 АЕК) төлейді.
Ал туу туралы куәлікті тегін алады. Бірақ бұл құажтты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 725 теңге (0,5 АЕК) төлейді.

Ал сіз құжаттарыңызды алып үлгердіңіз бе? 😯

3️⃣ Электросамокат пен гидроскутер тебетіндердің жауапкершілігі заңмен бекітіледі.

Мәжіліс депутаттары жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгізуге арналған заң жобасын әзірлеуге кірісті,

Заңға электросамокат пен гидроскутерлерге қатысты түзетулер енгізіледі.

Депутат Альберт Раудың айтуынша, «Жол қозғалысы туралы» заңда бірнеше маңызды мәселе ескеріледі. Атап айтқанда, электросамокат, гидроскутер және тағы басқа шағын электр көлігін бақылау жүргізіледі.
”Шағын электр көлігі» анықтамасы бекітіледі. Сондай-ақ, шағын электр көлігін мінген жүргізушілерінің құқығы мен міндеттері анықталады ”, – деді Рау.

Бұл шешімді қолдайсыз ба?🤔🤔🤔