Елена Рыбакина, Экопарк, Қызыл аймақ. 11-ші шілдегің топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясы ұсынған сыйақыдан бас тартты.

Сонымен қатар ол әлемдік жарыстан алған жүлдесінің бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.

Бұл туралы федерацияның вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді. Оның айтуынша, олар Еленаны ынталандыру мақсатында сыйақы беруді жоспарлаған. Алайда теннисші бұл қаржыдан бас тартқан.

Елена тағы бір жомарттығымен көпшілікті тәнті етіп жатыр! 😍👏🏻👍

2️⃣ Алматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл” аймаққа жақындады.

2022 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

* «Сары» аймақта: Алматы қаласы.
* «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Вирустан сақтанып жүріңіздер!🙌🏻🙌🏻🙌🏻

3️⃣ Қазақстанда жаңа экопарк ашылады. Қазіргі уақытта дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр!😍

Әкімнің айтуынша, күзде жасыл желектерді отырғызылады. Сондай-ақ, Үлкен және Кіші Талдыкөл арасын жалғау жоспарланған.