Елена Рыбакина, Еуропа кубогі, Салымдар. 20 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Наурыз, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌

1️⃣ Елена Рыбакина Indian Wells туринирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездесті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнирге дейін Рыбакина рейтінгтіе 10-орнында болған.

7-орын – 23 жастағы қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы жоғары нәтиже. Ол 3720 ұпай иеленді.
WTA рейтингінің көшбасшысы – польшалық теннисші Ига Швёнтек (9975 ұпай). Одан кейінгі позицияда Арина Соболенко (6740 ұпай), Джессика Пегула (5605 ұпай), Каролин Гарсия (4990 ұпай), Онс Жабер (4976 ұпай) және Кори Гауфф (4401 ұпай) тұр.

Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ Ригада өткен Еуропа кубогінде қазақстандық дзюдошылар көш бастады.

Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Айта кетерлігі, жарысқа 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.

Қоржында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола бар🔥👍

3️⃣ Теңгелік салымдар бойынша өтемақы бағдарламасы сәтті аяқталды

Екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде, яғни 2023 жылдың 20 наурызына дейін тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады. Мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны 2 млн 615 мың 772 салымшы алады.

Ақпаратқа сәйкес, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қажетті қаражатты банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды.