Елена Рыбакина, Флешмоб, Болашақ. 31 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 Мамыр, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ 5 маусымда «Болашаққа» құжат қабылдау басталады.

Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

Өтініштер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Орталық хабарлауынша, бағдарлама бойынша құжаттар қабылдаудың келесі легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді. Биыл «Болашақ» бағдарламасына 555 адам қатыса алады.

Бұл ретте 395 стипендия магистратура және резидентура, 50 стипендия докторантура, 110 стипендия тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты қамтиды.

Орталықта хабарлағандай, биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді шетелдік жоғары оқу орнындағы гранты бар үміткерлер дешәкіртақыға таласа алады.

Сіз де бағыңызды сынап көріңіз!👍

2️⃣ Алматыда балаларды қорғау күніне орай ерекше флешмоб басталды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бүгін Алматыда ұлттық киім киген 150 бала бір мезетте «Қара жорға» биін биледі. Іс-шара балаларды қорғау күні мен қазақтың халық биін дәріптеуге арналған.

«Флешмоб 2 маусым күні «Халық Арена» аумағында аяқталады. Онда 800 бала мен 100 педагог-тәлімгер қатыспақ. Мұнда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы тәрбиеленушілерінің шеруі мен мерекелік концерт өтеді», – деп хабарлады әкімдікте.

Ал сен тамашаладың ба?😍

3️⃣ Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді.

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жоғарылады.

Рейтингтің live-нұсқасында Рыбакина төртінші орыннан үшінші сатыға көтерілді. Сондай-ақ, кестеде көшбасшы өзгерді – бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентекті екінші сатыға ығыстырды. 
Мұндай өзгерістер ойыншыларға былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтинг ұпайлары есептелгенімен байланысты болды. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады және теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде қалай өнер көрсететініне байланысты болады.

Құтты болсын!💐👏🏻