Елена Рыбакина, Форма, Жас спортшылар, Сенсация. 22-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Қараша, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Шымкенттік жас спортшылар ағайынды Арслан Берік пен Арсен Берікті джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

Олар Абу-Даби қаласында өткен біріншілікте 5 мың спортшының арасында топ жарып, Еліміздің туын көкте желбіретті.

«Алға Қазақстан, Алға қазақстан!» дәл осылай шымкенттіктер ел мақтанышын қарсы алды. Ағайынды Арслан Берік пен Арсен Берік джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Бабы мен бағы қатар шапқан жас өрендер Абу Даби қаласында өткен әлем біріншілігенде өнер көрсетті.

Керемет, құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Елена Рыбакина бір жылда 370 эйс жасап, әлемде екінші болды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, бірінші орынға 63 матчтағы 394 эйспен WTA қорытынды турнирінің чемпионы, франциялық Каролин Гарсия көтерілді.

Екінші сатыға Е.Рыбакина жайғасса, ресейлік Вероника Кудерметова (59 матч, 265 эйс) үздік үштікке ілікті.
2020 жылы Е.Рыбакина 193 эйспен әйелдер теннисі қауымдастығында (WTA) озық шыққан еді.

Ерлер арасында АТР қорытындысы бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алтыншы орынға табан тіреді. Ол 55 бәсекеде 715 эйске қол жеткізді. Өткен жылы қазақстандық теннисші бұл жөнінен алдына жан салмаған еді (62 матч, 840 эйс).

WTA жарыстарындағы 57 матчты осылай аяқтады!😍😍😍

3️⃣ Мектеп формасымен қамтамасыз етуге арналған платформа іске қосылады.

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету жүйесін цифрландыру жоспарланып отыр. Индустриялық даму комитетінде жобаны іске қосу мәселесі талқыланды.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пилоттық жобаны алдымен Астана қаласында, кейін еліміздің барлық өңірінде енгізіледі.

«Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерде мектеп формасын сатып алуға кепілхат беру мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мектеп формасын сату үшін жеңілдікті шарттармен сауда нүктелері ұсынылғаны жөн», – деп атап өтті индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру қажет, басты талаптардың бірі – ұлттық стандарттарға сәйкес өнім өндірісін анықтау.

Жоба нәтижесінде бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мектеп формасын шығару бағытындағы отандық өндіріс көлемін арттыруға ықпал етеді.

4️⃣Футболдан әлем чемионатында супер сенсация тіркелді. Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан 1-2 есебімен жеңіліп қалды. Аш-Шехри мен Әл-Досаридің голдары Месси мен оның компаниясын жерге қаратты