Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Елена Рыбакинаның орнын алмастырған Дарья Савиль де Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды.
Енді австралиялық теннисші Дарья Савильді әлемнің 95-ракеткасы, италиялық теннисші Сара Эррани алмастырады.
Бұған дейін WTA рейтингінде 4-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болған еді.
«Құрметті қазақстандықтар! Маған бұл туралы айту оңайға соқпады. Өкінішке қарай, Париж Олимпиадасына қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін мен жедел бронхитпен ауырып қалдым, жаттығуға қайта оралуға тырысқаныммен, денем әлі қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма үзілді-кесілді тыйым салды», — деді ол.
Осы тұста ол Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдайтынын жеткізді.
Қазақстаннның бірінші ракеткасы кеше ғана денсаулық жағдайына байланысты ойынға қатыса алмайтынын мәлімдеген еді📌
2️⃣ Орынбор облысында Әлия Молдағұлованың құрметіне мешіт ашылды.
Мешіттің алғашқы тасы 2011 жылы қаланды.
8 жылдан кейін мешіттің қабырғалары мен мұнарасы салынған. бірақ кейінірек ол к сәйкес келмейтіні анықталды. Өйткені жобалау кезеңінде олар үлкен қателік жіберді, Мұнара құбыладан 45 градусқа ауытқып кеткен. Ғимарат барлық ережелерге сәйкес бөлшектеліп, қайта салуға тура келді.
Жаңа мешітті Бас мүфти шейх-ул-Ислам Талғат Тәжуддин және Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер. Мешіт Әлия Молдағұлованың есімімен аталды. Мерген «қазақ халқының қорықпайтын қызы» деген атаққа ие болған. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Құрылыс жұмыстары халықтың ақшасына жүргізілген екен👍
3️⃣ АҚШ билігі Илон Маскке ғарыштық зымырандарын ұшыруға тыйым салды.
Бұл туралы inbusiness.kz мәлімдеді. Бұрын Falcon 9 зымыран қозғалтқышының істен шығуы жеті жылдағы алғашқы апатқа әкелді.
Кәсіпкер Илон Масктың америкалық SpaceX компаниясы АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігіне (FAA) Falcon 9 зымыранының апаты туралы есеп берді, содан кейін ведомство бұл зымырандарды ұшыруды тоқтата тұруға шешім қабылдады.
Бұрын Falcon 9 зымыран қозғалтқышының істен шығуы жеті жылдағы алғашқы апатқа әкелді.
АҚШ-тың әуе реттеушісі Falcon-ды одан әрі ұшыруды тоқтата тұруға және SpaceX-ке тергеу жүргізуге бұйрық берді.
«SpaceX командасы FAA-ға Falcon 9-дың дұрыс іске қосылмағаны туралы есеп берді, оның ішінде ықтимал себеп пен оны түзетуге бағытталған әрекеттер көрсетілген», – делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Компания бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады😮