Элисар Нұрмағамбет, Қашықтан оқу, Евразия университеті. 6-шы желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Желтоқсан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық Элисар Нұрмағамбет «30 under 30» Forbes тізіміне енді.

Ол Америка Құрама Штаттарының түкпір-түкпірінен бастапқы табысы 10 миллион доллардан аз стартаптар тізіміне енді.

«Кіру билеті» американдық кәсіпкер Амир Сандержимен бірге құрылған Consilienz стартапы болды. қаржылық қылмыстарды анықтайтын бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі.

Сол жылы Элисар Forbes Kazakhstan 30 Under 30 рейтингінде финалист болды. Ал енді – Солтүстік Американың негізгі диаграммасы, Enterprise Technology санаты, жаңа жобамен – Black Ice AI.

Элисардың Forbes.com профилінде оның Қазақстанда туылғаны және АҚШ-қа 18 жасында келгені жазылған. «Ол Carlsberg сыра қайнату компаниясына жұмысқа орналасып, алаяқтықтың алдын алумен айналысты.

Мақтаныштарымыз!🔥🔥🔥

2️⃣ Астанада оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бүгін Астанада мектеп оқушыларының басым бөлігі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұған дейін білім беру басқармасы 6 желтоқсанда күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлаған болатын.
Түстен кейін де оқушылардың басым бөлігін қашықтан оқытуға шешім қабылданды.

«2022 жылдың 6 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бүгін түнде және таңертең ауа температурасы -29-31-ге дейін төмендеді. Дала аяз, күндіз -20-22 болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай өзгерістер болып жатыр екен.☝🏻

3️⃣ Қырғызстанда Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды.

Филиал екі бағыт – «аударма ісі» және «орыс тілі мен әдебиеті» бойынша мамандар даярлайды. Алдағы уақытта жаратылыстану ғылымы, физика және IT бағытында білім беру бағдарламалары да қосылады.
Қзіргі кезде филиалда 30-ға жуық студент білім алып жүр. Олар ағашқы екі курсты Ошта, қалған екі жылда таңдаған кәсіптерін Қазақстанда оқиды. Оқу бағдарламасы аясында қырғыз жастары қазақ тілін де меңгереді. Келесі жылы «Қазақстан тарихы» пәнін енгізу жоспарланып отыр.

«Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы бауырлас халықтар арасындағы достықтың тағы бір көпіріне айналады, Қазақстан мен Қырғызстанның білім беру жүйелерінің интеграциясына ықпал етеді. Сонымен бірге бұл біздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтереді», – дейді Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожабеков.

Айта кетері, бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлем бойынша 12 орталығы мен өкілдігі бар. Сондай-ақ ұлттық университет 450-ден астам жетекші шетелдік университетпен халықаралық ынтымақтастық орнатқан.

2024 жылдың соңына дейін шетелде тағы бір филиал ашылады деген жоспар бар.

Керемет!😍👍