Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥
1️⃣ Роналду «Аль-Наср» сапындағы алғашқы ресми голын соқты.
Танымал футболшы Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубы сапындағы алғашқы голын соқты. Ойынның соңғы минутында пенальтиді сәтті орындап, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
«Аль-Наср» ойынның соңғы минуттарында 2:1 есебімен ұтылып тұрған. Қосымша уақытта қарсылас қақпасына пенальти белгіленіп, португалдық шабуылшы 11 метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ.
Сауд лигасында алғашқы голды соққаным үшін бақыттымын, команда ерік-жігерінің арқасында маңызды ойында маңызды ұпай еншіледік, — деп жазды Роналду «Твиттер» желісінде.
Туған күні алдындағы керемет жаңалық екен! 😍👍
2️⃣ Әр университет ҰБТ-дағы шекті балды өзі белгілейді.
Түлектер оқуға құжат тапсырмастан бұрын жоғары оқу орындарының шекті балын біліп алғаны жөн. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, әр университеттің өз шекті балы болады. Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген.
«Бір оқушы математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен ұлттық университетке ақылы бөлімге түскісі келеді. Өздеріңіз білетіндей, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, ол университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек» дейді Руслан Емелбаев.
Ал енді бұл балдарды алдын ала қайдан білуге болады? Оны университеттер өздерінің сайтына жариялайды немесе қабылдау комиссиясының жұмысы басталған уақытта кеңес береді.
Сонымен қатар арнайы талапкерлер үшін testcenter.kz сайтында және Telegram арнасында осы ақпарат ұсынылады.
Бұл өзгеріске қалай қарайсың?🤔
3️⃣ Танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа үміткер атанды.
AMANAT партиясының Алматы филиалы партиялық тізім мен бір мандатты сайлау округтері бойынша мәслихатқа кандидаттарды ұсынды.
Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі 63 адамнан, ал мәслихатқа бір мандатты округтар бойынша 21 адамнан тұрады.
Оның құрамына әлеуметтік және кәсіби салалардың барлық өкілдері енді.
Сонымен қатар, партиялық тізімде қаланың дамуына ғана емес, сондай-ақ ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген мегаполистің танымал тұлғалары да бар.
Атап айтар болсақ, 23 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері — тізімдегі ең жас үміткер ретінде Элизабет Тұрсынбаева, Қазақстандағы әйелдер арасындағы бірінші әлем чемпионы, әйелдер халықаралық гроссмейстері және ерлер халықаралық шебері Жансая Әбдімәлік бар.
Депутаттық тізімнен тағы кімді көргің келеді? 😉