Елжан Таниева, Хакерлер, МакSим. 27-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Көркем гимнастикадан өткен Азия чемпионатында Елжан Таниева алтын медаль жеңіп алды.

Тайландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-і болды. Ал Елжан Таниева 7-ші орыннан көрінді.

Жеке біріншіліктің финалында Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды.

Құттықтаймыз!👏🏻😍

2️⃣ Енді хакерлер мен алаяқтардың әрекетін eGov Mobile мобильдік қосымшасының көмегімен қадағалауға болады.

Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам ақпараттық жүйе, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелері хакерлік шабуылға ұшырайды. Енді қандай деректер хакерлер мен алаяқтардың қолында екенін eGov Mobile мобильдік қосымшасының көмегімен қадағалауға болады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Зерде» холдингі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, еліміздің азаматтарына eGov mobile қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолындағы деректер туралы хабарлау бастамасы пысықталып жатыр.

EGov mobile мобильдік қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне сайттарда оның жеке деректерін заңсыз жинау және жария ету фактілері анықталған кезде хабарлама келеді. Жоба 2022 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарлануда.

Сенің алаяқтарға алданған кезің болды ма?🤔

3️⃣ Ресейлік әнші МакSим музыкалық фестивальде өнер көрсетіп жатқан кезінде оған тыңдарманы оғаш қылық көрсетті. Ол әншіні құшақтап алмақ болды. Бірақ оны күзетшілер арашалап алды. Тыңдарман сонда да әнішінің қолынан ұстап, сүйрей жөнелді.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланлы. Максим бұл сәтте «Мой рай» әнін орындап жатқан еді.

Тыңдарманның бұл қылығы дұрыс па?🤨