Емен жаңғағы, Шекара, Спорт. 3-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Қазан, 2022


Емен жаңғағын жина да, билет ал.

Алматы хайуанаттар бағы акция бастады Хайуанаттар бағы 7 қарашаға дейін жаңғақ әкеліп, билет алуды ұсынады. Үш келі жаңғақ үшін сіз балалар билетін ала аласыз, ал жеті келіге ересек адамға билет келеді. Жаңғақтар тұтас, қоспасыз, қоқыссыз және бұтақсыз болуы керек. Олар сонымен қатар пестицидтермен өңделмеген болуы тиіс. Жаңғақ зообақ жануарларына беріледі.

Түркияда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды — 3 алтын, 4 күміс және 2 қола. 

Жарысқа әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысты. Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетті.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезек азайды.

Бірнеше күн бұрын мұнда бірнеше шақырымға созылған ұзын-сонар кезек пайда болып, «бизнес» өркендеген болатын. Яғни Ресей жағынан азық-түлік пен бензин шекарадан өткісі келетіндерге үш есе қымбатқа сатылған.