Эмми, GAKKU, Димаш Құдайберген.15-шң қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Қыркүйек, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ 17 қыркүйек сағат 17:00-де «Астана» алаңында Gakku дауысы заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.

Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді.

Атап айтатын болсақ, Алатау ауданында – «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы аумақ; Алмалы ауданы: Mega Park СОО аумағы; Әуезов ауданы: Family park аумағы; Бостандық ауданы: Mega Almaty; Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданының жаяу жүргіншілер аймағы; Медеу ауданы: Орталық мәдениет және демалыс саябағы; Наурызбай ауданы: Шұғыла көшесі, 347 мекен-жайындағы әкімдік ғимаратының алды; Түрксіб ауданы: Сейфуллин атындағы саябақ).

Тамашалауға барасың ба?😍

2️⃣ Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды.

Әнші қуанышты жаңалықты Instagram-парақшасында бөлісті.

«Рим Папасы берген бата-тілегіңіз бен естелік сыйлығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Рим Папасы Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапармен келді – 13-15 қыркүйек аралығында. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуы мен пленарлық отырысына қатысты, сондай-ақ діни рәсім өткізді.

Құтты болсын, Димаш!👏🏻🔥

3️⃣ 12 қыркүйек Лос-Анджелесте өткен 74-ші “Эмми” телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Номинациялар саны бойынша HBO студиясының «Наследники» сериалы көш бастап тұр.

Үміткерлердің тізімі сейсенбі күні шараның ресми сайтында жарияланды. «Наследники» 25 номинация бойынша ұсынылған, оның ішінде негізгілерінің бірі – үздік драмалық сериал атағы, сондай-ақ 14 актерлік шеберлік номинациясы.

Сериал 20 номинация бойынша ұсынылған «Тед Лассо» сериялымен бәсекелеседі. «Тед Лассо» комедиялық сериалдар арасында бас жүлдеге таласады.

Үздік драмалық сериал: «Наследники», «Лучше звоните Солу», « Эйфория», «Озарк», «Разделение», «Игра в кальмара», «Очень странные дела», «Шершни».

Үздік комедиялық сериал: «Тед Лассо», «Начальная школа «Эбботт», «Барри», «Умерь свой энтузиазм», «Хитрости», «Удивительная миссис Мейзел», «Убийства в одном здании», «Чем мы заняты в тени».

Үздік шағын сериал: «Белый лотос», «Ломка», «Выбывшая», «Изобретая Анну», «Пэм и Томми».

Үздік драмалық актриса: Джоди Комер («Убивая Еву»), Сандра О («Убивая Еву»), Лора Линни («Озарк»), Мелани Лински («Шершни»), Риз Уизерспун («Утреннее шоу»), Зендея («Эйфория»).

Үздік драмалық актер: Брайан Кокс («Наследники»), Джереми Стронг («Наследники»), Ли Джон-джэ («Игра в кальмара»), Боб Оденкёрк («Лучше звоните Солу») Адам Скотт («Разделение»).

Тамаша!💐