Enbek.kz, Күй, Қарағанды. 15 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Enbek.kz порталында 29 наурыз күні бос орындар жәрмеңкесі өтеді,

Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесін өтеді.

Жәрмеңкеге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс берушілерң: ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, «KAZ Minerals» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ және басқалары бар.

«Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады», – дейді ведомство.

Жәрмеңкеге қатысу үшін Enbek.Tanda порталында арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады және оларға жауап бере алады.

Егер жұмыс іздеп жүрген жандар болса, қатысып көрсін!🔥

2️⃣ Қарағанды әлемдегі ең лас қалалар тізіміне енді.

Бұл туралы Еkaraganda.kz хабарлады.

Әлемдік IQAir порталының деректері бойынша, Қарағандының ластану индексі 77,8 деңгейінде. 2021 жылы Қарағандыда бұл көрсеткіш төмен болған.

Ластану индексі 97,4 болатын Пәкістанның Лахор қаласы бірінші орында тұр. Екінші орынға ластану индексі 94,3 болатын қытайлық Хотан жайғасты.

Рейтингкетегі үштікке Үндістанның Бхивади қаласы 92,7 индексімен кірді. IQAir порталының мәліметінше, былтыр Қазақстандағы ең таза қала Жамбыл облысының Шу қаласы болған.

Әлемдік рейтинг бойынша 23-ші орында тұр.😯

Қаламызды таза ұстайық🙌🏻

3️⃣ Мектеп пен колледждерде ұлттық челлендж барысында бір уақытта қазақтың күйі ойнатылады.

Аман Сейітовтың айтуынша, бұл шара ұрпақты рухани-адамгершілікке, мәдениетке және патриоттық сезімге тәрбиелейді.

«Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер және домбыраны насихаттаудағы шығармашылық жетістіктерін көрсету. Бұл шараға кез келген адам қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өтеді.Бұл республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға», – деп атап өтті Аман Сейітов.

«Наурыз мейрамына» арналған ұлттық челлендж 17 наурыз елорда уақытымен сағат 12:00-де өтеді. 😍👍