Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Алматы облысында энергетикалық сусын ішкен адам жансақтау бөліміне түсті.
Бұл туралы днсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Науқастың туыстарының айтуынша, ол соңғы төрт жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен.
«Толық тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Науқастың жүрек соғу функциясы бұзылып, органдар мен тіндерге оттегі жетіспеген. Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Ол реанимация бөлімінде жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр», — дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннің инсульт дозалары бар, бұл жүректің ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін. Ал оның көмірқышқыл газымен (көпіршіктермен) және қантпен араласуы асқазан мен бауыр үшін қауіпті. Тіпті энергетикалық сусында сирек тұтынса да аритмия шабуылын және басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін дейді дәрігерлер.
«Энергетикалық сусындарды тұтыну артериялық гипертензияға, мигреньге, жүрек ритмінің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ психомоторлық қозуды, тітіркенуді, ұйқысыздықты, тахикардияны, аритмияны, қан қысымының жоғарылауын тудырады», — дейді кардиолог дәрігер Мұхамеджан Нұралиұлы.
Сақ болыңыздар және энергетикалық сусындардан бас тартыңыз!☝🏻
2️⃣ Қазақстандықтарға TikTok-тағы заңсыз ойындар туралы ескертілді.
Қаржы мониторингі агенттігі TikTok-та құмар ойын ұйымдастырып, 13 миллион теңге қаржы тапқан алматылықтар 1,5 жылға сотталғаны туралы айтты.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта TikTok желісінде құмар ойындар заңсыз таратылып жатыр.
«Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық», — делінген ҚМА хабарламасында.
Ведомство өкілдері ұйымдастырушылар мен қатысушылардың әрекеттері заңсыз екенін, ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.
«Мысалы, TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот TikTok желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр», — делінген хабарламада.
📌Осы уақытқа дейін онлайн ойын ұйымдастыратын 100-ден астам аккаунт анықталған.
3️⃣ Автокөлікке VIP нөмірді интернетте таңдауға болады.
Polisia.kz ақпаратынша, өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған.
Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис цифрлық даму министрлігінің “Smart Bridge” сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді.
Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.
Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.
ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Ал сіз VIP нөмірге қызығасыз ба?🤔