Энергетикалық сусындар, Tartyl fest, Уфа қаласы. 18-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Энергетикалық сусындардың шамамен 19%-і ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес келмейді.

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылы өнімдердің қауіпсіздігін бақылау аясында импорттық және отандық өндірістен шыққан алкогольсіз сусындардың 63 үлгісін, соның ішінде энергетикалық сусындардың 23 үлгісін сараптамаға іріктеп алды.

«Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша импортталатын 12 сусынның сынамасы, соның ішінде 5 энергетикалық сусынның сынамасы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеген», – деп мәлімдеді департамент.

Сол себепті тұтынбауға кеңес береміз!☝🏻

2️⃣ Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады.

Аталмыш рейстер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан қатынайтын болады.

Бұл бастаманы Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп ақылдасып жатыр.

Ресейлік «Red Wings» әуе компаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша ұшады. Рейс бейсенбі сайын, аптасына 1 рет орындалады.

Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады.

Сен бұл қалада болдың ба?🤔

3️⃣ Алматы Tartyl Fest-ке қатысушылар саны мен тартылу саны бойынша көш бастады.

Сонымен қатар Қонаев қаласынан келген жеңімпаздың бұрынғы рекордын (37) басып озды.

Аталмыш фестивальде бақ сынасып жатқандар бар ма?)✊🏻