Энтони Блинкен, Beu радио, Ту.35-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қонаев қаласында 2 жасар бүркіт облыстық әкімшілік ғимаратының төбесінен Қазақстан Республикасы туын алып ұшып жаңа рекорд орнатты.

Бұл туралы Alataunews.kz хабарлады.

2 жасар бүркіт облыстық әкімшілік ғимаратының төбесінен Қазақстан Республикасы туын алып ұшты.
Көк байрақтың ұзындығы – 1,5 метр. Қыран 18 метр биіктікке көтеріліп, тумен бірге 130 метр қашықтыққа қалықтады.

«Бұл оқиға салтанатты түрде Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді. Мереке құтты болсын!», – деді Қазақстанның Гиннестер кітабы өкілі Бақытжан Сәбитұлы.

Тамаша!😍😍😍

2️⃣ Қазақ музыкасының жаңа толқынын қолдауға бағытталған beu радио іске қосылды.

Республика күні қарсаңында Қазақстанда жаңа радио өз жұмысын бастады. Онда тек қазіргі заманғы қазақ музыкасы қосылып тұратын болады. Станция ((beu)) Астанада – 100 FM және Алматыда 97.7 жиілікте хабар таратады.

Эфирде Q-поп, инди және R ‘ n ‘ B-ден бастап эксперименталды музыкаға дейін, яғни, әртістердің жаңа буыны жұмыс істейтін жанрлар көп болады.

Жобаның басты идеясы ((beu)) – жас музыкалық қоғамдастықты қолдау, дамыту және көрермендерге қазақстандық сахнаның өскенін көрсету. Радиодада берілетін әндер, подкасттар мен шоулардың 90 пайызы қазақ тілінде болады. Өйткені, соңғы жылдары мемлекеттік тілде жоғары сапалы танымал музыканы жасайтын музыканттардың саны көбейді. Ал олардың аудиториясы күн санап артып келеді, оған дәлел – елімізде өтіп жатқан көптеген концерттер мен фестивальдердің де санының артуы.

Енді заманауи бағыттағы әндерді тыңдайтын болдық!🔥

3️⃣ АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан туралы айтып, Қазақстан халқын мемлекеттік мереке – Республика күнімен құттықтады.

«Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын жақында жарияланған 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына бейілділігін қуаттайды және алдағы жылдары қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түсетініне үміттіміз», – делінген хабарламада.

Блинкен Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып келе жатқанын атап өтті.

Ал сен қалай атап өттің?