Ерасыл Жақыпбеков, Димаш Құдайберген, Универсиада. 21 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңа жыл мерекесіне орай гала-концертте өнер көрсетеді.

Әнші CCTV ұйымдастыратын Spring Gala Festival 2023 фестиваліне осымен екінші мәрте қатысқалы отыр.
«Spring Gala Festival» концертіне екінші рет қатысамын. Бұл шара көрермен саны бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген. CCTV-да кездескенше», – деп жазды Димаш әлеуметттік желідегі парақшасында.

Керемет!😍

2️⃣ Бокстан Қазақстан чемпионы Ерасыл Жақыпбеков 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында қарсыласын 1 минутта нокдаунға жіберді.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жақыпбеков қырғызстандық боксшы Бекбол Мұсабековпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың бірінші раундта-ақ жеңіске жетті. Бірінші раундта Мұратбековтың көзінің алды жырылып кетіп, оның ойынды жалғастыру мүмкіндігі шектелді. Төреші бұл жайтты нокдаун деп тіркеді

Жеңіс құтты болсын!🔥👍

3️⃣ Шорт-тректен Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтіп жатқан Қысқы Универсиадада күміс медальге ие болды.

Қазақстандық спортшылар аралас эстафетада француздарға ғана жол беріп қойды. Уақыт нәтижесі – 2:47.757. Команда құрамында Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абылкатимов, Әділ Ғалиахметов пен Еркебұлан Шамұханов болды. Үшінші орынды Жапония (2:48.561) құрамасы алды.

Айта кетері, осымен Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсіп отыр. Бұған дейін биатлоншылар Вадим Курлес пен Бекентай Тұрлыбеков, шаңғышы Данил Васильев алтыннан алқа тақты. Трамплиннен секіруден командалық жарыста Васильев пен Сергей Ткаченко күміс еншіледі. Ал биатлоншы Александр Мухин мен шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы қоланы қанағат тұтты.

Қоржынға тағы бір медаль түсті!🙌🏻