Ербол Хамитов,Оскар, Үстемақы. 25 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық парашаңғышы Ербол Хамитов Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ресми мәліметке сәйкес, Хамитов әлем чемпионатындағы спринт жарысында топ жарды. Оның көрсеткіші – 2:44,23. Украиналық спортшы Тарас Рад мәреге екінші болып келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.
Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні пара биатлоннан қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Айта кетері, парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр.

Жарыстар 29 қаңтарға дейін жалғасады. Оған 18 мемлекеттен 102 спортшы келді.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ «Оскар-2023» сыйлығының үміткерлері белгілі болды.

Америкалық кинематография өнерінің академиясы «Оскар» сыйлығына үміткерлерді жариялады.
Кеше академияның ресми YouTube арнасында актерлар Риз Ахмед пен Эллисон Уильямс марапатқа үміткерлерді жариялады.
«Үздік фильм» номинацияна үміткерлер:

«Батыс майданында өзгеріс жоқ»;

«Аватар: Су жолы»;

«Банши Инишерина»;

«Элвис»;

«Барлығы, барлық жерде және бірден.»;

«Фабельмандар»;

«Тар»;

«Топ Ган: Мэверик»;

«Қайғы үшбұрышы»;

«Әйелдер сөйлейді».
«Үздік режиссер» номинациясына үміткерлер:

Мартин МакДона («Банши Инишерина»);

Дэн Кван пен Дэниэл Шайнерт («Барлығы, барлық жерде және бірден»);

Стивен Спилберг («Фабельмандар»);

Тодд Филд («Тар»);

Рубен Эстлунд («Қайғы үшбұрышы»).
«Жылдың үздік актері» атағына үміткерлер:

Остин Батлер («Элвис»);

Колин Фаррелл («Банши Инишерина»);

Брендан Фрейзер («Кит»);

Пол Мескал («Күн шыққаннан кейін»);

Билл Найи («Өмір»).
«Жылдың үздік актрисасы» атағына үміткерлер:

Кейт Бланшетт («Тар»);

Ана де Армас («Аққұба әйел»);

Андреа Райзборо («Лесли үшін»);

Мишель Уильямс («Фабельмандар»);

Мишель Йео («Барлығы, барлық жерде және бірден»).
«Екінші пландағы үздік актриса» атағына үміткерлер:

Анджела Бассетт («Қара пантера: Мәңгілік Ваканда»);

Хонг Чау («Кит»);

Керри Кондон («Банши Инишерина»);

Джейми Ли Кертис («Барлығы, барлық жерде және бірден»);

Стефани Сюй («Барлығы, барлық жерде және бірден»).
«Екінші пландағы үздік актер» атағына үміткерлер:

Ке Хюи Куан («Барлығы, барлық жерде және бірден»);

Барри Кеоган («Банши Инишерина»);

Брендан Глисон («Банши Инишерина»);

Брайан Тайри Генри («Бөгет»);

Джадд Хирш («Фабельмандар»).
«Үздік визуалды көркемдеу» атағына үміткерлер:

«Батыс майданында өзгеріс жоқ»;

«Аватар: Су жолы»;

«Бэтмен»;

«Қара пантера: Мәңгілік Ваканда»;

«Топ Ган: Мэверик».
«Үздік саундтрек» атағына үміткерлер:

«Батыс майданында өзгеріс жоқ»;

«Вавилон»;

«Банши Инишерина»;

«Барлығы, барлық жерде және бірден»;

«Фабельмандар».

«Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне HBO Max пен CNN Films арналары үшін түсірілген, ресейлік оппозиционер Алексей Навальный туралы режиссер Даниэль Роэрдің «Навальный» деректі фильмі кірді.

Айта кетері, 95-ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі дәстүрлі түрде 12 наурызда Лос-Анджелестегі Dolby кинотеатрында өтеді. Салтанатты шараны үшінші рет америкалық комик және тележүргізуші Джимми Киммел жүргізеді.

Аталмыш сыйлыққа іліккен сүйікті фильмдерің бар ма? 😍

3️⃣ Мектеп-интернаттың жаттықтырушы-оқытушыларына категория үшін біліктілігіне қарай 6 мыңнан 22 мың теңгеге дейін жаңа үстемақы төленеді.

Министрдің айтуынша, спорт мектептерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының аптадағы оқу жүктемесін 24-тен 18 сағатқа дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдықтар 2023 жылдан бастап күшіне енеді.

«Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығының мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз алдағы уақытта жаттықтырушы-оқытушыларға топқа жетекшілік жасағаны және спортшыны жоғары спорттық ұйымдарға бергені, сонымен қатар спорттық атақтар үшін үстемақының жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар да назардан тыс қалмайды. Біз осы бағыттағы міндеттерді тиісті деңгейде орындауды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз», – деп сендірді Оралов.

Ол дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін және саланың нақты қажеттіліктерін ескермейтінін айтты. Сондықтан министрлік заңға түзетулер енгізу қажет деп шешкен.

Жаттықтырушылар үшін керемет жаңалық екен!👍🔥