Еркін күрес, Велошабандоз, Қорқыт ата.24-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстанда «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілімі басталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тарихи туындыны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның «Кинематография агенттігі» бірлесіп түсіреді. Түсірілім алаңына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі барып келген. Оның айтуынша, дала абызына қатысты аңыздардың көпшілігі қазақ даласында сақталған.

«Бірақ өздерінің түп-тамырын Қорқытпен байланыстыратын халық көп. Сондықтан бұл телехикая халықаралық нарықта танымал жоба болатынына сенеміз. Ең алдымен, өз тұлғаларымызды дәріптеуде осындай сериалдардың маңызы зор»,- дейді министр.

Телехикая 4 бөлімнен тұрады.
Түсірілім тобына Түркі академиясы зерттеушілерінің Алтайдың Қарақаба жазығынан тапқан V-VІ ғасырға тиесілі қобызды пайдалануға ұсыныс жасалды.

Тамаша!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алды.

Жарыстың алғашқы күні Темірлан Мұхамедиянов, Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев және Алина Саркулова XCR бойынша жеңімпаз атанды.

Қазақстандық маунтинбайкерлер үшін кросс-кантри олимпиадасы жемісті болды: ұлттық құрама төрт медаль жеңіп алды. Элиталық санатта өнер көрсететін Алина Саркулова Азия чемпионатында қазақстандық велоспорт тарихындағы алғашқы МТБ медалін алып, мәреге үшінші болып жетті. Бірінші және екінші орынды Алина Спирина мен Виолетта Казакова иеленді. Күміс жүлдені Андер Денис Сергиенко жеңіп алды.

Құтты болсын!😍🔥

3️⃣ Испанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпонатында қазақстандық палуандар Әлішер Ерғали мен Асыл Айтақын еркін күрестен қола жүлдегер атанды.

Асыл грузин палуаны Рамаза Турманидзені жеңсе, Әлішер венгриялық Милан Корксогты тізе бүктірді. Жарысқа 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан.

Бұған дейін қазақстандық Дәулет Ергеш чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!✊🏻✊🏻✊🏻