Есім, ЭЦҚ, Лондон. 1 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 мая, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда ең танымал есімдер белгілі болды. Көш басында Азамат пен Аружан есімдері тұр.

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдерді жариялады.

«2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел тұрған», — деп хабарлайды ведомство.

10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды.

10 000-нан астам рет 136 ер және 146 әйел есімі кездеседі. Осылайша, ер адамдар арасындағы ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдерде – Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам).

Ерлер мен әйелдер арасында танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімі бар адам саны – 585 мың.

Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер – «бай», «бек», «жан», «хан». «Бек» өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000-шы жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында «хан» сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді.

Әйел есімдерінде ең жиі кездесетін «гүл» сөзі 1950 жылдардан бастап 2000 жылдарға дейін өте танымал болған.
«Қазақтардың қысқа есімдерді көбірек ұната бастағанын да байқауға болады. Бір қызығы, 70-80-ші жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болған», — деген дерек келтірді мамандар.

Қазақстанда 10 000-нан астам рет 69 қазақ тегі кездеседі. Осылайша, қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кіріп отыр.
Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) жалғауларына аяқталған тектер үлесі 64% құрайды. Алайда, әр жылы туғандардың тектерін талдаған кезде мұндай тектер үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.

Ал сіздің есіміңіз кім?)😍

2️⃣ Лондонда қазақша сөйлеу клубы ашылды.

Лондондағы Қазақ орталығы және еріктілер тобы қазақша сөйлеу клубын ашты. Мақсаты ұлы Абай тілін меңгергісі келетін шетелдіктер мен қандастарымыздың басын біріктіріп, тілдік орта қалыптастыру. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Клубтың тұсаукесер рәсіміне Kazinform-ның Тұманды Альбиондағы тілшіміз Ғалымжан Қараманұлы қатысып қайтты.

Стив Скрютин — қаржы саласының маманы. Ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Енді міне қазақ тілін меңгергісі бар. Шаруаларын ысырып қойып, бүгін осында келді. Сөйлеу және тілді түсіну дағдыларын жетілдіру үшін көп еңбектену керектігін Стив мойындайды.

«Мен енді бастап жатырмын. Өзіммен деңгейлес тіл үйренушілерді таптым. Бұл тілді тез меңгеруіме көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Өйткені сөздік қорың және тілдік базаң олармен бірдей болады», — дейді Стив Скрютин.

Шетелдіктердің қазақ тілін үйренудегі мақсаты әр-алуан. Бірі Қазақстанға туристік сапармен барғысы келеді. Енді бірінің жұбайы қазақ ұлтынан. Қазақтілді адамға ғашық болып қалғандар да кездеседі. Тағы бірінің қазақ авторларының шығармаларын түпнұсқада оқып, түсінгісі бар.

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдерді жариялады.

Керемет!👍

3️⃣ Қазақстанда ЭЦҚ форматына өзгеріс енгізілді.

30 сәуірде Қазақстан криптографиялық стандартқа көшеді, оған сәйкес электрон цифрлық қолтаңба форматы өзгереді.

ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының мәліметінше, ЭЦҚ-ның бір кілтіне көшу, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 (МЕМСТ 2015) алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті беріледі, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады.

Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарланған:

* «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;
* «Кадр бөлімінің қызметкері».

Бүгінде ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны айтылды.

«Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады», — делінген хабарламада.

Хабардар болыңыз!📌