Ескерткіш, Форма, Шавкат Рохманов.14-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады.

Бұл туралы Хабар 24. арнасы хабарлады. Сонымен қатар жазушы шығармаларының 12 томдық жинағы басылымға дайын. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның қатысумен өткен отырыста айтылды.

Іс-шарада қазақтың ағартушы ғалымы, ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары пысықталды.

Керемет!😍👍

2️⃣ Нұр-Сұлтанда оқушылар бірыңғай форма киюге міндеттелді.

Нұр-Сұлтанның барлық мектебінде оқушыларүшін бірыңғай қара-көк түсті форма енгізілді. Бұл туралы елорданың білім басқармасы мәлімдеді.

«Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының барлық білім беру ұйымында оқушылар бірыңғай қара-көк түсті мектеп формасына көшірілді. Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды мектеп формасын сақтау талаптарымен таныстырады», – делінген басқарманың сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек:

◾️ мектеп формасының түсі – қою көк;

◾️ мектеп формасы классикалық стильде жасалған;

◾️ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде, (суық мезгілде: трикотаж жилет, ақ водолазка). Ұлдарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабады. Ұсынылған минимум: көйлек, көкірекше және шалбар;

Негізі мектеп формасының түсі мен стиліне мән беру маңызды деп ойлайсың ба? 🤔

3️⃣ Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов ММА рейтингінде үздік ондыққа ілікті.

Ол аралас жекпе-жектен барлық салмақ дәрежесіндегі ең мықты боксшылар рейтингінде топ жарды. Әлемдік рейтингтің жаңа нұсқасын MMAFighting жариялады.

Рахмонов бұған дейін 13-орында болды. Ал енді қазір 8-орынға көтерілді.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻