Ескерткіш, Пойыз, Арман. 28 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 декабря, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады.

Ислам Сүлейменовтің оқиғасын ерекше мереке қарсаңындағы нағыз ғажайып деп атауға болады. 14 жастағы Ислам – Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды. Форма киген патрульдік көліктегі адамдардың жұмысын қызыға бақылайды екен.

Polisia.kz. мәліметінше, тәртіп сақшылары жасөспірімнің арманын жүзеге асыруды ұйғарып, полиция департаментіне шақырды. Мұнда Исламға жедел басқару орталығы көрсетілді. Ол үлкен залдың қабырғасын алып жатқан экрандар арқылы мегаполис өмірін тамашалау кезінде түрлі эмоцияға бөленді.
Жедел басқару орталығына барғаннан кейін мектеп оқушысы патрульдік полиция полкінің қызметтік көлігінің жүргізуші орындығына отырып, көлік ішіндегі құрал-жабдықтармен танысып, нағыз рация арқылы байланысқа шықты.

Керемет көрініс! 👍

2️⃣ Колумбияда Шакираға 6 метрлік ескерткіш орнатылды.

Колумбиялық әнші Шакираға өзінің туған қаласы Барранкильядада ескерткіш орнатылды.

Биіктігі 6,5 метрлік ескерткіште әншінің “Hips Don’t Lie” әніне түсірілген бейнеклипіндегі биі көрсетілген. Оны сәулетші Йино Маркес жасады.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне әлемге әйгілі әншінің ата-анасы қатысты.

Ескерткішті көрдіңіз бе?😍

3️⃣ Қазақстанда жаңажылдық пойыз қатынайды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы іске қосылды.

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік атмосфера сыйлау үшін іші де, сырты де жаңа жылға сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз Ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстайды.

Мерекелік безендірілген пойыз құрамы жаңажылдық демалыс маусымы аяқталғанға дейін қатынайды.

«Биыл екінші жыл қатарынан жаңа жыл қарсаңында ҚТЖ-мен бірлесіп брендтелген туристік пойызды іске қосып отырмыз. Мұндай пойыз жолаушыларға мерекелік атмосфераны сыйлап қана қоймай, туристерді де тартуға мүмкіндік береді», — дейді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

Мерекелік пойыз құрамы 28 желтоқсаннан бастап аптасына бес рет қатынайды. Елордадан Бурабай курортына пойыз Нұрлы жол вокзалынан таңғы сағат 06:12-де жөнелтіледі. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін пойызға Астана-1 вокзалынан да отырғызу қарастырылған. Бұл жерге экспресс пойыз таңғы сағат 06:37-де келіп, 07:00-де жүріп кетеді.
Туристік пойызды іске қосу аясында ҚР ПІБ «Бурабай даму» ЖШС ерекше рейстің кестесіне сәйкес қысқа тур қалыптастырды. Жаңа жылдық тақырыпты жалғастыру мақсатында Бурабайдағы Санта резиденциясына барып, Бурабайландта таңғажайып күн өткізу ұсынылады. Мұнда бұғы немесе ит жегілген арбамен, квадроциклмен, қарда жүретін көліктермен серуендеуге, атқа мінуге болады.

Арнайы брендтелген электр пойызы іске қосылды🔥