Эскива Фалькао, Веложарыс, Құтқарушы. 29-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 августа, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды.

«Қазір сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып аламын. Кеттік, чемпион», — деп жазды Фалькао Twitter-де.

2️⃣ Тректегі веложарыстан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Таиландта өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ол топтық жарыста ұпай саны бойынша үздік атанды.
Бұған дейін спортшы топтық іріктеу жарысында қола жүлде алған болатын.

Құтты болсын!💐💐💐

3️⃣ Ақтауда ер адам 12 және 13 жастағы екі қызды құтқарып қалды. Ерлік жасаған ер адамның есімі — Александр. Ол өзіне ұсынған сыйақыдан бас тартты.

Екі қыз бала су жиегінде сапборд теппек болған. Алайда, аяқ астынан жел тұрып, қыздарды теңізге қарай ығыстыра бастаған. Қыздардың бірінің анасы су жағасына жүгіріп келіп, өзі жүзе алмайтындықтан, елден көмек сұраған.

«Біз жақын маңда отырсақ та, бастапқыда ештеңені түсінбедік. Ал мән-жайды аңғарған кезде қыздар мінген сапборд тым алыс кетіп қалды. Жел оларды жылдам жағалаудан алыс айдап әкетті. Дәл осы уақытта сапбордқа қарай бір ер адам жүзе жөнелді. Оның тым сенімді әрі нық жүзіп бара жатқанын бәріміз көріп тұрдық. Содан кейін ер адам қыздарға жетіп, сапбордты жетелеген күйі жағалауға қарай жүзді. Мұның барлығы санаулы минут ішінде болды. Әріптесім әбден үрейленген қыздарды құшақтап, жылап тұрды. Ал құтқарушы азамат қалай жылдам пайда болды, солай ұшты-күйлі жоқ боп кетті», — дейді оқиға куәгерлерінің бірі Ажар Айболатқызы.

Олар қыздарды құтқарған ер адамның есімі Александр екенін анықтаған. Алайда ол қандай да бір сыйақыдан бас тартқан.
«Осы күндері ол адам ойымнан шықпай қойды. Әр ерлік марапатталуы керек деп ойлаймын. Александр сыйақыдан бас тартып, кез келген ер адам осылай жасайтынын айтты. Бірақ оның өз өмірін қатерге тігіп, еш ойланбастан, қыздарды құтқаруға кіріскені жүрек елжіретеді», — деп жазды Ажар Айолатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Батыл азамат екен!🙌🏻👏🏻