ЕУРО-2024, Абай Смағұлов, Қазақ фильмдері.9-шы қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 октября, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Ақтаулық спортшы Абай Смағұлов Болгарияның Пловдив қаласында ардагерлер арасында өткен еркін күрестен әлем чемпионы атанды.

Ардагерлер арасында күрестің әр түрі бойынша әлем біріншілігінде 60 елден келген спортшылар бақ сынайды. Олар A,B,C,D,E бөлімдерінде өнер көрсетеді.
Әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысқан 20 спортшының қатарында үш қазақстандық балуан бар.

Абай Смағұлов 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде А дивизионында ардагерлер арасында еркін күрестен әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры Амандық Нұрсұлтанның айтуынша, бірінші кездесуде спортшы қырғыз балуанын 4:3 есебімен жеңді, екінші және үшінші жекпе-жекте Латвиядан келген спортшымен өткен додада Абай Смағұлов 5:1 есебімен басымдық танытып, финалға шықты.

Финалдық кездесуде қазақстандық балуан үндістандық қарсыласын 7:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Жеңіс құтты болсын!✊🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақ фильмдерін қазақ тіліне аудару үшін бюджеттен 67,4 млн бөлінді. Нақтырақ айтсақ, отбасылық көрсетілімге арналған 10 фильмге осы қаржы аударылмақ.

Мемлекеттік сатып алу сайтында өтінімдерді қабылдау басталып та кетті.

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырыс беруші ретінде «кинотеатрларда, онлайн-кинотеатрларда, борттық бағдарламаларда кейіннен көрсетіле отырып, отбасылық көруге арналған қазақ тіліндегі ойын-сауық бейнеконтентін әзірлеу және танымал етуді» мақсат етеді.

Қазақша аударылған фильмдер көңіліңнен шыға ма?🤔

3️⃣ ЕУРО-2024: Қазақстан құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Мариномен бірге «H» тобына түсті.

Франкфурт-на-Майнеде 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.

Еске салсақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 2023 жылдың наурыз айында басталады. Матчтар кестесі кейінірек жарияланады.

Бірінші орын алған құрамалар және топта екінші орын иеленгендер Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне өтеді. 24 орынның соңғы үшеуінің иегерлері қарсы ойын кезінде анықталады. Оның қатысушылары Ұлттар лигасы – 2022/2023 қорытындысы бойынша белгілі болады.

Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне өткен және 2023 жылдың маусымында осы турнирге қатысатын төрт команда бес командадан тұратын топта іріктеу кезеңінде ойнайды.

Ал футболшыларға сәттілік тілейміз!😍👍👍