Еуро-2024, Бірінші сынып, Елена Рыбакина. 1 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Сәуір, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды.

OptaAce сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Елена Рыбакина атақты теннисшілер Моника Селеш, Штеффи Граф, Линдси Дэвенпорт, Мартина Хингис және Мария Шарапованың бірегей жетістігін қайталап отыр.
Атап айтқанда, Моника Селеш 1991, Штеффи Граф 1994, Мартина Хингис пен Линдси Дэвенпорт 2000, Мария Шарапова 2012 жылы Аустралия ашық чемпионаты, Индиан-Уэллс, Майами жарыстарының финалына шыққан еді.
Елена Рыбакинаның чехиялық Петра Квитовамен Майамидегі финалдық матчы 2 сәуірге қараған түнде Астана уақытымен сағат 01.00-де басталады.

Құтты болсын!😍

2️⃣ Еуро-2024 іріктеу турнирінде Асхат Тағыберген “Үздік гол” номинациясы бойынша бірінші орын алды.

Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде Дания құрамасы қақпасына салған голы «Үздік гол» номинациясында бірінші орын алғаны айтылады.
Екінші орынды Украина қақпасына гол соққан британдық Букайо Сака иеленді.

Үшінші орында – Беларусь құрамасының қақпасына гол соққан румын қорғаушысы Андрей Бурке.

Футболды тамашалап па едің?👏🏻

3️⃣ Алматыда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталды.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Балаларды бірінші сыныпқа тіркеу 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді egov.kz порталы арқылы онлайн беруге болады. Ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз түрінде де өткізуге рұқсат беріледі. Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады.

Даярлық деңгейіне қарамастан мектепте жақын маңдағы барлық бала оқуға құқылы. Егер бос орын болса, кез келген мемлекеттік мектепке тіркелуге болады.

Ал өтінім беру үшін тұрғылықты жерді растайтын тіркеу (уақытша немесе тұрақты) қажет.
Өтініш беру үшін тіркелу қажет: тұрғылықты жерін растайтын уақытша немесе тұрақты.
Биыл 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, барлық өтінім 3 сәуірден бастап қабылданады.

Балаларды тіркеу 1 тамызға дейін жалғасады. 📌