EXPO 2020, Жас қанат-2023, Футбол.23-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 Қараша, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Алматыда «Жас қанат – 2023» халықаралық байқауы өтеді.

«Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры «Жас қанат – 2023» XXIX жас орындаушылар байқауына өтінім қабылдап жатыр.

Байқау 2023 жылдың қаңтар айында Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Өтінімдерді қабылдау 25 қарашаға дейін жалғасады.
Келесі жылы «Жас қанат» байқауына 32 жыл болады. Бұл Қазақстандағы осындай ұзақ уақыт тексеруден өткен жалғыз ұлттық музыкалық жоба болып саналады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды жіберу керек:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

өз қолымен толтырылған өтінім (қоса беріледі). Өтінімде: солистер үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен орны, жұмыс, оқу орны немесе әскери бөлім, ансамбльдер үшін – аты, ансамбль қатысушылары мен басшысының тегі,

барлығы үшін – нақты пошталық және электронды мекенжайы, байланыс телефондары, қысқаша өмірбаяны көрсетіледі;

кемінде 3 әннің фонограммасы (+1);

3-4 дана көркем фотосурет

шығармашылық өмірбаян.

Байқаудың басты мақсаты – жас талантты орындаушыларды, композиторларды, әнші-ақындарды, Қазақстанның аранжировщиктерін іздеу, қолдау және танымал ету. Сондай-ақ Қазақстанның орындаушылық және ән өнерін дамыту, авторлық әлеуетті ашу.

Әркім өтініші мен аудиожазбасын дирекцияға өз бетінше жібере алады. Байқауда репертуарлық (тақырып, тіл, география) немесе жанрлық шектеулер жоқ, бірақ міндетті түрде заманауи аранжировка болу керек.

Сен де бағыңды сынап көр!😉

2️⃣ Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатында Аргентинаны (2:1) жеңгеннен кейін елде ұлттық мейрам жариялады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша,
Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз 23 қарашада барлық мемлекеттік қызметшіге, сондай-ақ, жеке меншік секторда істейтін жұмысшыларға демалыс беруді тапсырды. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары мен студенттер де сабақтан босатылды.

Айта кетері, кеше Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы матчта сенсация болды. Лионель Мессидің командасы 1:2 есебімен жеңілді.
Мессидің өзі пенальтиден гол соқты. Бірақ екінші таймның басында Сауд Арабиясы құрамасы екі рет қақпаны дәл көздеп, екі дүркін әлем чемпиондарын жеңіп кетті.

Керемет!😍 Ал сен футбол тамашалап жүрсің бе?)

3️⃣ Дубайда EXPO 2020 көрмесі өткен жерде Қысқы қала (Winter City) пайда болады.🔥

Кіру тегін. Аумақта шале стиліндегі баспаналар, қайың мен жәрмеңке алаңдары, Санта-Клаус үңгірі және қыстың басты сиқыршысына хат жіберу станциясы болады. Сонымен қатар Expo City аумағында әрленген 16 метрлік шырша тұрғызылады.

Желтоқсанның 20-29 аралығында «Миссис Клаус Экспо 2020» танымал рождестволық шоу қайтадан істей бастайды, онда әртүрлі көңіл көтеру бағдарламалары болады. Күн сайын түнгі көріністер, тәтті нан пісірудің, әшекей бұйымдарды әзірлеудің шеберлік сағаттары өтеді.

Бұл қалаға 2022 жылдың 23 қарашасынан 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін бара аласыздар👍👍👍