Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Бұрынғы McDonald’s фаст-фуд мейрамханалары i’M деген жаңа атауға көшті.
Бүгін брендтің өзгергені туралы ақпаратты McDonald’s желісін бұрын басқарған Food Solutions KZ компаниясы бөлісті.
Мейрамханалардың жаңа ресми атауы – i’M. Сондай-ақ қызыл жүрек қойылған.
«Сіздердің әрқайсыңыз мейрамханалардан дәм татып, ерекше атмосфераны сезіндіңіз. Біз ойландық: мұның бәрінің артында не жатыр, мінез бен көңіл-күй қайдан пайда болады. Біз оның артында адамдар тұрғанын және бұл адамдардың артында сан мыңдаған оқиғалар тұрғанын түсіндік… Бізге келген әрбір адам: «Менің қоғамда орным бар, менің кішкентай немесе үлкен оқиғам маңызды» деп айтқысы келеді. Осылайша атау дүниеге келді», — деп түсіндірді Seed агенттігінің креативті директоры Наиль Мұратов.
Жаңартылған желінің ұраны ретінде «мен ашықпын» деген тіркес таңдалды, бұл компанияның ашықтығын көрсетеді.
«Иә, әрқашан ашық. Мен аздап өзгердім, бірақ мен әлі де өз ісімде ең жақсымын және әрқашан өзім болып қала беремін. Тіпті жаңа атпен», – делінген желінің проморолигінде.
Жаңа ресми атауына көзқарасыңыз қалай?🤔
2️⃣ Қытай әуе компаниялары екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайтады.
Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын.
«Өз кезегінде Loong Airlines әуекомпаниясы биыл желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздейді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ әуекомпания 2024 жылы Астана – Ханчжоу, Астана – Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтап жатыр. Air China әуекомпаниясы да Астана – Сиань – Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.
Ал сіз Қытайға барғыңыз келе ме?😍
3️⃣ Ауыр атлет Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды.
Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруден 107 келіні еңсеріп, кіші күміс медалді жеңіп алды. Ал серпе көтеруден 143 келі нәтижемен кіші алтын жүлдеге ие болды.
Тағы бір отандасымыз Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153+181) келі көрсеткішпен 7-орыннан көрінді.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр.
Бұған дейін Едіге Емберді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерген болатын.
Құтты болсын!🔥