ФИФА, Иван Дычко, Бұқаралық спорт академиясы. 24-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 11 орынға көтерілді.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) үздік ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингін жариялады.

Ресми сайт бойынша: Қазақстан рейтингте 11 орынға көтерілді (114 орын, +11). Куба (167 орын, +10), Греция (48 орын, +7) және Малайзия (147 орын, +7) да айтарлықтай жетістікке жетті. Косово (106 орын, +1) және Комор (126 орын, +2).
Керемет жаңалық!

Әлемдік деңгейдегі жаңалықтарымыз көбейе берсін! 😍

2️⃣ Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко қарсыласын жеңіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ол биыл алғаш рет Аргентинада жергілікті боксшы Кевин Эспиндоламен 10 раундқа созылған жекпе-жек өткізді. Бұл Дычконың кәсіпқой рингте 12-ші және төрешілер шешімімен алғашқы жеңісі.

Спортшымызды құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасы аясында ашылған Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясы 2022-2023 оқу жылына құжат қабылдауды бастағанын хабарлады.

Бүгінгі таңда Академияға жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына сай мақсатты 150 (жүз елу) ГРАНТ бөлінген.

Сен қандай мамандық таңдап жатсың?🤔