Fifa Nations Series 2022, ҰБТ, Александр Бублик. 13-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстан тарихта алғаш рет Fifa Nations Series 2022 әлем чемпионатына жолдама алды.🔥

Ұлттық құрамада Ақназар Бексейітов пен Олжас Есентаев өнер көрсетті. Олар Дубайға барып, екі іріктеу кезеңінен өтті. Осылайша, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған үздік үш команданың қатарына енді.

Финалдық кезең Копенгагенде 27-30 шілде аралығында өтеді. Онда 24 команда ойнайды.

Қазақстандықтарды құттықтаймыз!💐💐💐

2️⃣ Негізгі ҰБТ-ны 130 мыңға жуық талапкер тапсырды. Тесттен шекті балды 67%-ке жуық талапкер жинады.

Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады. Түлектердің 75,7%-і қазақ тілінде, 24,1%-і орыс тілінде, 0,1%-і ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Ал 174 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 159 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

📌 Ал сен ҰБТ-дан неше бал жинадың?)

3️⃣ Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик әлемдік рейтингте бірден бес сатыға көтеріліп, 37-орынға жайғасты. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы жекелей рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.