Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️
1️⃣ Енді студенттер тұрғын үй кезегіне тұрып, шәкіртақысына үй ала алады
“Отбасы банк” АҚ Орталық филиалының директорының орынбасары Дария Батенова студенттерге тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігі берілгенін хабарлады. Бұл туралы ол “1001 түн” бағдарламасында мәлімдеді.
“Енді 18 жастағы студенттер де тұрғын үй алу үшін кезекке тұра алады. Егер оның кезегі келген кезде студенттік мәртебесі сақталса, шәкіртақысы табыс ретінде есепке алынады. Егер бұл жеткіліксіз болса, онда екі адам кепілдік береді”, — деді Батенова.
Қазіргі уақытта Қазақстанда әкімдіктердің кезегінде тұрған азаматтар мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар арқылы пәтер сатып алуға немесе оны жалға алуға мүмкіндік алады. Алайда бұл бағдарламаға тек Қазақстан азаматтығын алған белгілі бір санаттағы тұлғалар ғана қатыса алады.
Тамаша мүмкіндік екен!👍
2️⃣ Абай облысында 9-сынып оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды
Абай облысы Бородулиха ауданындағы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойынды жасады.
Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіріп, оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру мақсатында жасалған ойын квест форматында әзірленген. Мұнда ойыншы өзіне жасырын агент немесе журналист рөлін таңдай алады.
Сондай-ақ тергеуді кімге қатысты жүргізетінін де өзі шешеді: сот, прокурор немесе мемлекеттік қызметші.
Ойын барысында ол әртүрлі эпизодтардан өтіп, жемқорлыққа қарсы әрекеттердің қыр-сырын меңгереді және ойын соңында жемқорлықты әшкерелейді.
Қазіргі уақытта ойын мектепте құқық негіздері сабағында тәжірибе ретінде қолданылып жүр. Автор болашақта бұл жобаны ұялы телефондарға арналған тегін қосымша ретінде үш тілде ұсынуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Нұрали өткен жылы І республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауында жеңіп алған 1 млн теңге сыйақысын ойынды дамытуға жұмсаған.
Сонымен бірге ойынның әр кезеңіне Абайдың қара сөздерін қосу арқылы оның рухани мазмұнын байытуды жоспарлап отыр.
«Ойын Қазақстандағы нақты оқиғаларға негізделген көркем роман форматында жасалған. Әр эпизодта Қылмыстық кодекске түсіндірме беріліп, оқушылардың құқықтық сауаты арттырылады. Ал ойын соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады», – дейді Нұрали.
Бәрекелді!🔥
3️⃣ “Менің атым Қожа” фильмі қайта түсіріліп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі фильм туралы келесідей мәліметтер берді:
• Жаңа нұсқада қазіргі заманғы технологиялар мен трендтер қолданылған, бірақ түпнұсқаның негізгі идеялары сақталып отыр.
• Басты рөлдерді сомдаған актерлер көрермендердің жоғары бағасын алып жатыр.
“Менің атым Қожа” – бұл балалық шақтың естелігі ғана емес, қазақ мәдениетінің асыл мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа ұрпақпен қайта танысуға дайын.
Енді туынды көрерменге жаңа форматта жол тартады😍