Фильм, Банкнот, Мектеп. 12 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 ноября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Асхат Кучинчерековтың “Бауырына салу” фильмін “Оскарға” ұсыну ресми түрде бекітілді

Сонымен қатар “Бауырына салу” фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.

Әлемдік кинематографиялық мұраны сақтауға және насихаттауға арналған бұл беделді фестивальде терең мәдени контекст бар. Іс-шара ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аудиторияның назарын аударды.

Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан.
Жыл сайын Cinema Heritage фестивалі әлемдік киноиндустрияның майталман өкілдерін жинап, үздіктерді анықтайды. Осы маңызды шарада қазақстандық фильмнің еленуі қазақстандық кино өндірісінің деңгейі мен әлемдік кинематографиядағы орнын көрсетеді.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен “Ұлттық киноны қолдау орталығының” қолдауымен түсірілген.

Тамаша! Құтты болсын!🔥


2️⃣ Мектеп оқушысы ғарышкерлерге арналған құрылғы ойлап тапты

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, 2019 жылы ол өз жобасын Мәскеу физика-техникалық институтының байқауында таныстырып, жоғары бағаға ие болған. Кейіннен құрылғыға қуаты мықты лазер орнатып, бағдарламалық кодын жетілдірген.

“Ғарышта энергия тапшылығы мәселесі бар. Жерсеріктері және ғарыш кемелері энергияның аздығынан істен шығуы мүмкін. Мен ғарышкерлерге көмек ретінде осы құрылғыны жасадым”, дейді жас өнертапқыш.

Нұрали Амангелдиев өз жобасын одан әрі дамытып, Байқоңырда өтетін халықаралық байқауға қатысуды жоспарлап отыр. Келешекте құрылғыға күн батареяларын қосып, оны тұрмыстық қажеттіліктерге, оның ішінде лазерлік зарядтау құрылғылары арқылы ұялы телефондарды қуаттауға қолданып көрмек.

Не деген талант! Бәрекелді!👏🏻

3️⃣ Ескі 5 мың теңгелік банкнотаның айналымда жүру кезеңі ұзарады

Ұлттық банк номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңін ұзартады.

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (ескі үлгідегі банкноталар) және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (жаңа үлгідегі банкноталар) айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпоштада 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды, – деп қосты ведомство.

Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қалатынын, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстанның бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жататынын атап өтеміз. Ол банкноталардың барлығы ҚҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.

Заңды төлем құралы саналатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту – Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық саналады📍