Фильм, Көлік, Жалақы. 19 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 сентября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Әлемдік рейтингте қазақстандықтардың орташа жалақысы 279 мың теңгені құрады

Алайда Ұлттық статистика бюросы бұл көрсеткішпен келіспей отыр. Олар халықтың жалақысы бұдан да жоғары деп есептейді📌

Ал әлемдік рейтингке көз тастасақ, еліміздегі жалақы сомасы көш басында тұрған мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Соңғы бір жылда Қазақстан әлемдік жалақы рейтингінде 61-ші орыннан 67-ші орынға жайғасқан. Numbeo тізімінде барлығы 96 мемлекет бар.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы орташа жалақы 582,4 долларды құрайды.
Ал теңгеге шаққанда 279 мың теңгеден асады.

Ұлттық бюроның мәліметінше, 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы — 403 мың теңге. Ал үкіметтің болжамы бойынша 2029 жылға қарай ол тіпті 570 мыңнан асуы мүмкін.

Дегенмен Numbeo деректері Қазақстандағы ресми орташа жалақыға көбірек жанасады.

2️⃣ Қазақстанда мопедшілер жол-көлік оқиғасы үшін көлік жүргізушілері сияқты жауапкершілікке тартылады — ІІМ

Қазақстанда мопедті міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіліп жатыр. Бұл шешім Қазақстан парламенті сенатының отырысында айтылды.

Елімізде мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттарының болуы мопедті басқару құқығын растауды талап етеді деген норма қарастырылып жатыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха оқыту мен жүргізуші куәлігін алудың маңыздылығын айтты.

«Өткен жылдың 12 айында мопедтердің қатысуымен 750 жол апаты орын алып, 39 адам қаза тауып, 730 адам жарақат алған. Осы жылдың басынан бері 962 жол апаты болып, оның салдарынан 48-і қаза тапты, 1024-і жарақат алды», — деді Лепеха.
Сергек камералары мопедтерді анықтай алмайды, өйткені олардың тіркеу нөмірі жоқ.

Енді мопед жүргізушілер толыққанды жол қозғалысына қатысушылар, сәйкесінше олар тіркеліп, оқудан өтуі керек.

Лепеханың айтуынша, заң жарияланған сәттен бастап мопед жүргізушілеріне жүргізуші куәлігін алу үшін 6 ай уақыт беріледі.

«Қазақстан Республикасының көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді.

Жаңа заңды қолдайсыз ба?🤔

3️⃣ Кинопоиск ұлттық прокаттағы үздік 10 фильмді ұсынды: Көш басында “Дәстүр” фильмі тұр

Тізімге Орталық Азияда түсірілген және Қазақстан прокатының барлық кезеңіндегі ең көп кассалық табыс жинаған фильмдер кірді.

Кино поисктегі ұлттық хиттердің ТОП-10 тізімін inform.kz агенттігі бөлісті.

1. “Дәстүр” — қазақ дәстүрлеріне негізделген қорқынышты фильм
2. “Таптым-ау сені” — махаббат пен отбасын құру жайлы комедия
3. “Пейіш” — жұмақты іздеу туралы әсерлі оқиға
4. “Брат или Брак 3” — басты кейіпкер көптен бері жоғалтқан егіз бауырымен кездесетін сүйікті комедияның жалғасы
5. “Zhezduha” — қазіргі Қазақстан өмірі туралы танымал веб-сериал негізінде түсірілген фильм
6. “Хотя бы кинода 3” — басты кейіпкердің анасын құтқару үшін ұрланған жүкті табуға мәжбүр болатын қызықты комедия
7. “Қазақша бизнес Үндістанда” — кейіпкерлер үнді кеңістіктерінде жаңа шытырман оқиғаларға тап болады
8. “Қазақша бизнес Бразилияда” — танымал франшизаның жаңа бөлімі, Оңтүстік Америкаға кейіпкерлер аттанады
9. “Қазақша бизнес Түркияда” — Түркияға қазақ бизнесі стилінде жасалған сапар
10. “Қазақша бизнес Кореяда” — кейіпкерлер қымбат жабдықты жөндеуге Оңтүстік Кореяға барып, жаңа қызықтар мен шытырман оқиғаларға тап болады.

Аталған фильмдерді тамашаладыңыз ба?😍