Фильм, Мектеп, Ескерту. 8 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Мамыр, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді.

Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұндағы мақсат – келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмірі мен тарихын, ерлік-еңбектерін кеңінен насихаттау.

Мектепте Рақымжан Қошқарбаев атындағы алғашқы әскери патриоттық кабинет те ашылды. Мұнда батырдың өмір тарихы және марапаттарымен танысуға болады. Сондай-ақ келушілер назарына батырдың фотосуреттері қойылған.

Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 1000-нан астам оқушы білім алады.

«Бұл – мектеп үшін үлкен мереке. Білім ордасына батырдың есімі берілгенін мақтан тұтамыз. Келешекте біздің оқушыларымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз. Мектебіміздің бүгінгі миссиясы – ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру», – деді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

«Батырдың ерлігі – ел есінде…» атты мерекелік бағдарламасы аясында бастау алған іс-шарада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен қалалық Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ педагогтер мен оқушылар қатысты.

Тамаша!👏🏻

2️⃣ Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 9 мамырда еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, орталығында, күндіз шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. 09 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Абай болыңыздар!

3️⃣ “1941 жылдың жазы” фильмі бірнеше қалада тегін көрсетіледі.

Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында “1941 жылдың жазы” фильмінің тегін көрсетілімі өтеді.

Режиссер Бекболат Шекеровтың фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы партизан отрядымен шайқас жайында. Кинокартина ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды.

Фильм ІІ дүниежүзілік соғыс кезін суреттейді. Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кезі. Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатыр, ал Кеңес армиясының күштері әзірге тек шегінуге мәжбүр. Қазақстаннан келген жас лейтенант Әди Шәріпов дәл осы оқиғағаның куәгері болады. 

Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасып, ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.

Әскери-патриоттық кино апталығы 2024 жылдың 9 мамырында басталады.

Сіз де міндетті түрде тамашалаңыз!📌