Финал, Универ, Кредит. 1 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 ноября, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Ұлттық банк кредитті табысты ресми растағанда ғана беруді ұсынды.

Бұл туралы sputnik.kz мәлімдеді. Қазақстанда адам өзінің ресми кірісін растамаған жағдайда несие беруді шектейтін заң жобасы әзірленіп жатыр.

«Қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігін және оның кірісін бағалаудың қолданыстағы тәртібі қайта қарауды талап етеді, өйткені қазіргі анықтамада қарыз алушының кірісі тек ресми расталған кірістермен шектелмейді. Коэффициентті есептеу кезінде ерекшеліктерді қайта қарау қажет», — деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы оны тек кірістер ресми расталған кезде ғана есептеу ұсынылатынын түсіндірді. Мұндай тәсіл кез келген қарызды, оның ішінде кепілсіз қарыз алу кезінде де барлық қарыз алушы – жеке тұлғаларға қатысты пайдаланылатын болады.
Сүлейменовтің пікірінше, бұл қарыз алушыларға, оның ішінде 21 жасқа дейінгі жастардың борыштық жүктемесін төмендетуге, сондай-ақ ресми жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жақсы өзгерістің бірі болатын еді👍

2️⃣ Елімізде қазақ-француз университеті ашылуы мүмкін.

Ол Франция президенті Эмманюэль Макронның сапары аясында жоғары білімге қатысты бірнеше келісімге қол қойылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшылары деңгейінде Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін пысықтау жөнінде мәлімдеме жасалады. Біз жеке жұмыс тобын құрамыз, осы мәселені пысықтаймыз», — деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, өңірлік университеттерде Фрнцияның мықты жоғары оқу орындарын тарту арқылы зерттеу кафедраларын ашу мүмкіндігі талқыланады.

«Біз Абай-Верн бағдарламасын кеңейтеміз. Осы бағдарлама аясында жыл сайын француз тарапынан біздің магистранттар мен докторанттардың Францияда оқуына 30 грант бөлінеді. Сол бағдарламаны біз кеңейтеміз. Гранттар санын 45-ке дейін ұлғайтамыз», — деді ғылым министрі.

Сіз бұл жаңалыққа қалай қарайсыз?🤔

3️⃣ Рыбакина WTA финалында өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласында (Мексика) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді.

Топтағы екінші ойында Рыбакина грекиялық Мария Саккаримен (9-орын) кездесті. Кездесу үш сетте – 6:0, 6:7 (4), 7:6 (2) есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Елена Рыбакина үшін бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені ол бұған дейін финалдық турнирлерге мүлде қатыспаған.

Құтты болсын!😍