Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Қырғызстанда министрлік әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салды.
«Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салатын бұйрыққа қол қойды», — деп жазылған ведомствоның ақпаратында.
Қай жерде фонограммамен ән айтуға болмайды:
▪️театр
▪️спорт мекемелері
▪️филармония
▪️концерт залы
▪️кинозал
▪️клуб
▪️мұражай
▪️кітапхана.
Енді бұқаралық мәдени іс-шараларда тек жанды дауыспен ән шырқау керек.
Бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның орындалуына орындалуын министр қадағалайды.
Жалпы бұл жүйені біздің елге де енгізген жөн деп ойлайсың ба? 🤔
2️⃣ Асхат Аймағамбетов ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Асхат Аймағамбетов 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.
2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.
2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін — Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.
2003–2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.
2019 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметін атқарған.
2022 жылғы 11 маусымнан бастап Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Министрдің осыған дейін атқарған жұмыстарына көңілің тола ма?😉
3️⃣ Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан аталған елге барудан бас тартуды ұсынды.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ.
Короновирустан абай болыңыз!🙌🏻