Футбол, Борна,Лай. 8 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Ақпан, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматыдағы төтенже жағдай: Әкімдік лай көшкінінен қаза тапқан отбасын жерлеуге көмектеседі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ ол қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Құтқару қызметі Медеу ауданындағы зақымданған үйде тұратын отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», – деді Ерболат Досаев.
Батпақты үйінді астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімнің денесі табылды.

Алматы әкімінің тапсырмасымен отбасының барлық мүшесін жерлеуге көмек көрсетіледі.

Қазір шетелде оқитын үлкен ұлы – студентке білім алып жатқан елінде тұруға және білім алуға материалдық қолдау көрсетіледі.

Еске салсақ, 8 ақпанда Алматы қаласы Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, салдарынан 4 адам қаза тапты.

Жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. 🙌🏻

2️⃣ Қазақстандықтарға қатты боран болуы мүмкін екені ескертілді.

Синоптиктер 9 ақпанда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен ауа райы болжамын жариялады.

Циклонның орталығы Самара үстінде және онымен байланысты атмосфералық фронталь учаскелері Қазақстанның бүкіл аумағына ықпал етеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстікте бұрқасын жауын жауады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұрқасынмен бірге өте күшті жел болжанады.

«Ақмола облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғады деп болжанды», – делінген хабарламада.

Абай болыңыздар!📌

3️⃣ Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді.

Бүгін Парижде футболдан 2024-2025 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді.

Ұлттар лигасының жаңа маусымы қыркүйекте басталады. Қазақстандық футболшылар В лигасында өнер көрсетеді.

Жеребе Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Ел құрамасы төртінші себетке орналастырылды. Бұл себетте Грузия, Түркия, Люксембург құрамалары бар.

Өзге себеттерде құрамалардың орналасуы төмендегіше:

1-себет: Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс
2-себет: Финляндия, Украина, Исландия, Норвегия
3-себет: Словения, Ирландия, Албания, Черногория.

Футбол сүйер қауым үшін жағымды жаңалық!⚽️