Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қазақстан футболшылары фифа рейтингі бойынша ТОП — 100 тізіміне енді.
Қазақстан ұлттық құрамасы бұған дейінгі рейтингімен салыстырғанда 4 саты жоғары көтеріліп, 100-ші орынға тұрақтады. Еске салайық, Магомед Адиев жаттықтыратын футболшыларымыз қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында екі матч өткізген еді: олар Финляндиядан жеңіліп (0:1), Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтты.
ФИФА-ның 2023 жылғы 21 қыркүйектегі рейтингі:
1 (1). Аргентина — 1851.41
2 (2). Франция — 1840.76
3 (3). Бразилия — 1837.61
4 (4). Англия — 1794.34
5 (5). Бельгия — 1792.64
6 (6). Хорватия — 1747.83
7 (7). Нидерланд — 1743.15
8 (9). Португалия — 1728.58
9 (8). Италия — 1727.37
10 (10). Испания — 1710.72
24 (24). Украина — 1538.42
39 (38). Ресей — 1495.53
75 (74). Өзбекстан — 1328.35
79 (78). Грузия — 1299.32
91 (90). Армения — 1254.47
96 (97). Қырғызстан — 1228.60
100 (104). Қазақстан — 1206.94
105 (98). Беларусь — 1198.22
110 (110). Тәжікстан — 1183.01
115 (111). Эстония — 1172.25
121 (121). Әзербайжан — 1147.69
136 (134). Латвия — 1089.99
140 (138). Түрікменстан — 1086.12
143 (144). Литва — 1072.21
159 (164). Молдова — 1010.10
Құтты болсын! 🔥
2️⃣ Алматыдан Балиге тікелей әуе рейсі ашылады.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Индонезияның Қазақстандағы елшісі доктор Мохамад Фаджроэль Рахманмен кездесуінде Алматыдан Балиге тікелей рейстерді ашу туралы талқылады.
Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристердің көптеп келуі үшін доктор Мохамад Фаджроэль Алматы – Бали бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды. Әрбір тараптың авиакомпаниялары елдер арасында 5 ретке дейін тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға құқылы», — делінген комитет хабарламасында.
Қазақстан авиакомпаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Джакарта және Денпасар (Бали), Индонезия авиакомпаниялары үшін – Астана және Алматы қаласы.
Керемет!👍
3️⃣ Қазақстандықтардың жеке деректерін көрсететін Telegram-бот пайда болды.
Бұл туралы tengrinews.kz мәлімдеді. Telegram мессенджерінде сұраныс бойынша қазақстандықтар туралы жеке ақпаратты – үй мекенжайларын, телефон нөмірлерін, тіпті жұмыс орнын да көрсететін боттар пайда болды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке деректердің сыртқа шығуына қатысты пікір білдірді.
«А. және Т. telegram-боттарының (редакция атауын жасырады — еск.) жұмысына жүргізілген алдын ала талдау негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректерін жинау Telegram, Facebook, WhatsApp, Одноклассники және т.б. сияқты әртүрлі онлайн платформа қызметтерінен жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Бұл ретте telegram-боттар үшінші тұлғалардың контактілерінде жазылған ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері бойынша мәліметтерді Get Contact сервисінен алады, оған Қазақстан Республикасының аумағынан пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталғанына байланысты қолжетімділік шектеледі», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.
Ведомство telegram-боттар тұрғылықты (тіркелген) мекенжайлары туралы ескі мәліметтерді көрсететініне сендірді. Сонымен қатар, кейбір мекенжайлар жалпыға қолжетімді көздерде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізу қызметтерінде көрсетілген болуы мүмкін.
Мұндай өзгешілікке қалай қарайсыз?🤔