Футбол, Шафкат Рахманов, Елорда. 29 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 июня, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ FIFA жариялаған жаңа рейтингте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға жоғарылады.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі 29 маусым күні шықты. Бұл тізімде Қазақстан 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

Құтты болсын!😍 Осылайша құрама 104-орынға жайғасты.👍

2️⃣ Шавкат Рахмоновтың ендігі қарсыласы америкалық Кевин Гастелум болады.

Рахмонов октагонға 16 қыркүйекте шығады. Аралас жекпе-жек шебері бұл жолы америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл UFC турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.

Айта кетері, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде. «Номад» UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Соңғы рет қазақстандық америкалық Джефф Нилді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Жекпе-жек 16 қыркүйек өтеді. Спортшымызға жеңіс тілейміз! 🤲🏻

3️⃣ Астана әкімдігі Елорда күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.

«Биыл қала күні отшашу болмайды. Дегенмен, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін», — деді астана әкімдігі.

Ал сіз қолдайсыз ба?🤔