Футбол,Төлем, Парк. 28 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 июня, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандағы ең үлкен футбол аренасы Шымкентте салынады.

Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен стадион салынып жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Жаңа нысанға 35 мың көрермен сыяды.

Бүгінгі таңда еліміздің ең үлкен стадион – «Астана арена», оған 30 мың көрермен сыяды.

Шымкентте қазір Қажымұқан атындағы орталық стадион жұмыс істеп тұр, ол 18 мың адамға арналған және 1969 жылы салынған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін орталық стадион қайта жаңартылатынын айтқан болатын. Жаңа нысанды екі жыл ішінде — 2026 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда.

Жаңа нысанды екі жыл ішінде — 2026 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда😍

2️⃣ Алматы ботаникалық бағы тағы да уақытша жабылады.

Алматы Ботаникалық бағы келушілерге маңызды үндеу жасады. Мамандар 2024 жылдың 1 шілде күні бақ уақытша жабылатынын мәлімдеді.

28 маусымда жарияланған хабарламада:

«Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді».

Сондай-ақ, басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатыны да айтылды.
«Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін».

Құлаққағыс📌

3️⃣ 8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды.

Осы жылдың басынан бері 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған.

Сондай-ақ, 369 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп жүр, 68 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 342 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.

Тамаша!👍