Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Бүгін футболдан Конференция лигасының финалы өтеді.
Кездесу “Qazsport” телеарнасынан 29 мамыр 23:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.
“Олимпиакос” алдымен Еуропа лигасы топтық кезеңінде Англияның “Вест Хэм Юнайтед” (2:1, 0:1), Германияның “Фрайбург” (2:3, 0:5), Сербияның ТСЦ (2:2, 5:2) клубтарымен ойнады.
Өз тобында үшінші орынға тұрақтаған клуб Еуропа лигасы плей-офф сатысында Венгрияның “Ференцварош” (1:0, 1:0), Израильдің “Маккаби Тель-Авив” (1:4, 6:1), Түркияның “Фенербахче” (3:2, 0:1, пенальтиден 2:3), Англияның “Астон Вилла” (4:2, 2:0) клубтарын орта жолда қалдырды.
“Олимпиакос” (Грекия) мен “Фиорентина” (Италия) кездеседі екен👍 Сіз кімнің жанкүйерісіз?
2️⃣ Оңтүстік Кореяда Қазақстан корейлеріне арналған көрме ашылды.
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында Қазақстан корейлеріне арналған көрме ашылды.
Бұл туралы 24.kz мәлімдеді.
Онда өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан сыр шертетін мұрағаттық фотолар мен бейнематериалдар ұсынылған. Келушілер негізінен Алматы және Қызылорда облыстарында өмір сүрген корей диаспорасы туралы біле алады.
Қазір Алматыда жұмыс істейтін әлемдегі жалғыз корей театры, бұрын «Ленин кичи» аталып келген республикалық «Коре ильбо» газеті туралы материалдар да бар.
Тамаша!😍
3️⃣ Алдағы үш күнде ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды.
Қазгидромет синоптиктері 30 мамыр — 1 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, 1 маусымда батысында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.
Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның ықпалымен жауын-шашын тоқтайды.
Баренц теңізінен келетін жоғары қысым аймақтарға жайылып, салдарынан түнде және таңертең минус 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Жалпы республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі.
Шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін төмендейді.
Ыстықтан сақтанып жүріңіздер!🙌🏻