Гүл, Үй, Grand Slam. 3 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Қазақстанға шетелден 2 айда 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді.

2023 жылдың қаңтар – ақпан айларында елге салмағы 1,3 мың тонна болатын, 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді, деп хабарлайды

Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гүлдің ең көп түрі раушан, 799 тонна әкелінді. Екінші орында – хризантема, үшінші орында – қалампыр», – деп атап өтті ведомствода.

Қазақстанға 192 мың доллар тұратын 35 тонна лалагүл, 377 тонна қызғалдақ, линолий, гипсофила, феникс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер импортталды. Бұлардың құны 2,2 млн болады.

«Гүлдер Эквадордан, Нидерландыдан, Колумбиядан, Кениядан, Израильден, Өзбекстаннан, Қытайдан және Түркиядан әкелінді», – деп қосты мемлекеттік кірістер комитеті.
Былтыр дәл осы уақытта Қазақстанға 8,3 миллион долларға мың тонна гүл әкелінген. Өткен жылы шетелде қазақстандық раушандар сұранысқа ие болып, Өзбекстанға құны 94 мың доллар тұратын 25 тонна гүл экспортталды.

Бірінші орында раушан екен😍
Ал сіз жиі гүл сыйлайсыз ба?)

2️⃣ Қазақстанда мыңдаған адамға 60 шаршы метрлік жалдамалы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Бүгін сенатта республикалық бюджетке өзгеріс енгізуге арналған жиында депутат Бекболат Орынбеков жалдамалы баспана мәселесін көтерді.

«Былтыр жалға берілетін тұрғын үй мәселесі өте күрделі болған. Енді, сатып алу әдісі қабылданды. Біз оны толық қолдаймыз. Мысалы, Жамбыл облысына тұрғын үйді сатып алуға 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл, шамамен, 797 пәтер болады. Бір пәтердің бағасы – 9,6 миллион теңге. Сонда бір шаршы метрі (жалға алу құны – Sputnik) 160 теңгеден болайын деп отыр. Осы механизммен ары қарай кете береміз бе?», – деп сұрады Орынбеков.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, былтыр әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін жалдамалы үйге төлейтін ақының жартысын өтеу тетігі дұрыс жүрмей қалды.

Сіз де мүмкіндікті жіберіп алмаңыз📌

3️⃣ Grand Slam турнирінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионын ұтып, финалға шықты финалға шықты.

Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионын ұтып, финалға шықты финалға шықты.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Нұрқанат 60 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеге жолдама алды.

Финалға дейін қазақстандық дзюдошы төрт белдесуін сәтті өткізді. Алдымен БАӘ өкілінен, сосын әзербайжандық балуаннан айласын асырды. Ширек финалда өзбекстандық Ділшотбек Баратовтан басым түсті. Ал жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лукуми Чхвимианиді тізе бүктірді.

Н.Серікбаев финалда оңтүстіккореялық Ким Вон Джунмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Құтты болсын!👏🏻🔥