Гарвард, Вкусно-и точка, Елена Рыбакина. 16 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Гарвард студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтуі мүмкін.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізді,
Бұл туралы министрлік мәлім етті.

Ведомство басшысы АҚШ-қа іс-сапар кезінде алдыңғы қатарлы бірқатар оқу орнының басшыларымен кездесті.
Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білімін дамыту мақсатында жетекші әлемдік жоғары оқу орнымен серіктестік ұсынды.

Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo – FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен ынтымақтастықты Гарвард студенттерінің Қазақстандағы тағылымдамасынан бастауды ұсынды.
Бұл бастаманы тереңірек талқылау үшін Гарвардтың басшылығы Қазақстанға келетін болды.

Біздің студенттер үшін де керемет тәжірибе алмасу болатын еді.😍

2️⃣ Ресейлік компания Қазақстанда «Вкусно – и точка» сауда белгілерін тіркеуге өтінім берді.

«Сарапшылық ұйым «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы атынан түскен «Вкусно – и точка» тауар белгісін тіркеуге қатысты өтінімді қарап жатыр», – деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, kazpatent.kz сайтында «Вкусно – и точка» тауар белгілерін тіркеуге берілген 12 өтінім жарияланған.

Жалпы, осылай ашылғанын қолдайсың ба?🤔

3️⃣ Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.

Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті.
Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы да Елена Рыбакина 7:5, 6:3 есебімен ұтты.
Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.

Өткен жылы Е.Рыбакина бастапқыда отандасы Зарина Диясты ұтқанымен, екінші айналымда жеңіліп қалған еді.

Құтты болсын!🔥👍