Геннадий Головкин, Қазақ күресі, Qazaq air. 19-шы қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Геннадий Головкин өз салмағында бір титулды қорғауға міндеттелді. WBA оған WBA World белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуді ұсынып, шешім қабылдауға талап қойды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кеше ғана Лас-Вегас қаласында Сауль «Канело» Альвареспен ойын көрсетіп, суперорта салмақта төрт титул үшін таласқа түскен болатын. Бұл жекпе-жекте мексикалық боксшы жеңіске жетті. Алайда Головкин өз салмағында WBA Super мен IBF белбеуінің иегері болып қалды.

vRINGe.com ақпаратына сәйкес, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы WBA қазақстандық боксшыны осы тұжырым бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақты қорғауға міндеттеді. 40 жастағы Головкин WBA World белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуі керек. Биыл Лара 39 жасқа толды.

GGG шешім қабылдау үшін бес күн беріліп отыр.

Айта кетері, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жекте төрешілер шешімімен ұтылды. Сауль Альварес айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қалай ойлайсың, Головкин қандай шешімге келуі мүмкін?🤔

2️⃣ Қазақстан қазақ күресінен өткен Әлем кубогінде бірінші орынға ие болды.

Бұл туралы «Qazaq kuresi» ассоциациясы хабарлады.

«Қара теңіздің жағалауындағы бұл жарысқа әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түсті.Тартысты өткен белдесулердің қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды», – делінген ақпаратта.

Әлем кубогында үздіктер қатарынан көріне білген балуандар медальдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Жарыстың ұйымдастырушылары – «Qazaq kuresi» ассоциациясы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Румыния «Qazaq kuresi» ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі.

Құтты болсын!😍✊🏻

Геннадий Головкин өз салмағында бір титулды қорғауға міндеттелді. WBA оған WBA World белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуді ұсынып, шешім қабылдауға талап қойды.

3️⃣ Тек Авиатада Qazaq Air әуекомпаниясының билеттері тарифтен 15 пайызға дейін жеңілдікпен сатылады.

Акция әуекомпанияның барлық бағытында жарамды, тек субсидияланған бағыттар мен балалар тарифі кірмейді. Акциямен билеттерді қыркүйектің 19-23 аралығында алуға болады, ал саяхат уақыты – 1 қазаннан 15 наурызға дейін.
Төменде Qazaq Air әуекомпаниясының жеңілдікпен бірнеше бағыты ұсынылған:

Алматы – Астана 16 877 теңгеден бастап,
Астана – Шымкент 15 268 теңгеден бастап,
Астана – Ақтөбе 17 019 теңгеден бастап,
Астана – Өскемен 18 976 теңгеден бастап,
Ақтөбе – Баку 54 464 теңгеден бастап.
Qazaq Air акциясы қысқы демалыстарға және жаңажылдық мерекелерге жоспар құруға тиімді.
Жеңілдік жүрмейтін субсидияланған рейстер: Астана ⇄ Талдықорған, Жезқазған ⇄ Қарағанды, Алматы, Түркістан ⇄ Ақтөбе, Қостанай, Орал.
Сілтеме арқылы өтіп, акция жайлы толық мәлімет алуға болады.

Керемет мүмкіндік екен!👍